Медицина • 07 Наурыз, 2019

Әлеуметтік қолдау жайы талқыланды

1001 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Асқар Бейсенбаев пен Еділ Мамытбеков «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Президент Н. Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын түсіндіру мақсатында Астана қаласындағы бірқатар өндіріс орындарында болды. Қаладағы құрылыс материалдарын шығаратын «Selena Insulations», жарық диодтарын өндіретін «Led system media» мен «Led solution» кәсіпорындарын және «АстанаЭкоСтандарт» жылыжай кешенін аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік қолдау жайы талқыланды

Сенаторлар жүздесулер барысында әлеуметтік саясатты іске, оның ішінде айлығы төмен мамандардың еңбекақысын 30 пайызға көтеру, табысы төмен көп балалы отбасыларындағы әр балаға 21 мың теңге жәрдемақы берілетіні туралы хабардар етті. Сонымен қоса мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар мен қамқоршыларға берілетін жәрдемақы 30 пайызға арттыру, «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында табысы төмен және көпбалалы отбасыларға жалға алуға болатын 40 мың пәтер салынатыны туралы ақпарат айтылды.

Өндіріс орындарының жұмысшы, қызметкерлері депутаттарға өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Зейнетақы, әлеуметтік көмек, жәрдемақы мәселелері бойынша алдағы уақытта көзделіп отырған жаңалықтар жайы жан-жақты талқыланды.