Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай Денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша №10 мектеп-гимназияда «Денсаулық басты байлық» ұранымен Қазақстанда ДДҰ өкілдерінің қатысуымен ауқымды жаттығулар өтті. Оған атақты спортшылар мен әншілер қатысты. Айта кету керек, бұл мектеп спортқа ерекше көңіл бөледі. Мұнда «Денсаулықты нығайтатын мектеп» жобасы жүзеге асырылуда.
Таңертеңгілік жаттығуға әнші Шахаризат Сейдахмет және «X-factor-2018» конкурсының жеңімпазы Дильнура Біржан келді.
«Халықаралық мереке қарсаңында біз №10 мектеп оқушыларының қатысуымен жаттығу өткізуді ұйғардық. Салауатты өмір салты мен иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін дағдыларды бала кезден дамыту керек. «Дені саудың – жаны сау!» деп тегін айтпаса керек», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулықты сақтау ұлттық орталығының директоры Руслан Сатывалдеев.