29 Наурыз, 2012

Лаңкестік әрекеттің жолы кесілді

357 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Лаңкестік әрекеттің жолы кесілді

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:11

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы еліміздің Ұлт­тық қауіп­сіздік ко­ми­теті 2012 жылғы 24 наурызда Алматы қаласының аумағында дайындалу са­ты­сын­дағы лаңкестік актілердің алдын алғандығы туралы хабарлайды.

Жоспарланған терактілердің ұйымдастыру­шы­сы 2009 жылдан бастап қазақстандық құқық қорғау органдарынан шетелде жасырынып жүр­ген, 1975 жылы туған Александр Владимирович Павлов болып табылады.

 

Бейсенбі, 29 наурыз 2012 7:11

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы еліміздің Ұлт­тық қауіп­сіздік ко­ми­теті 2012 жылғы 24 наурызда Алматы қаласының аумағында дайындалу са­ты­сын­дағы лаңкестік актілердің алдын алғандығы туралы хабарлайды.

Жоспарланған терактілердің ұйымдастыру­шы­сы 2009 жылдан бастап қазақстандық құқық қорғау органдарынан шетелде жасырынып жүр­ген, 1975 жылы туған Александр Владимирович Павлов болып табылады.

Павлов Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан іздеу салынған БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтің жеке күзетін басқарады, оның жеке құпия тапсырмаларын орындаумен айналысады.

Атап айтқанда, Александр Павлов М.Әбілә­зов­ке БТА Банктің қаржысын аса ірі көлемде ұрлауға көмек көрсеткен, ал 2009 жылғы ақпанда Әбіләзовтің жеке мұрағатын және БТА Банктің Корпоративтік бизнес басқармасының компью­тер­лерінен қатты дискілерді көшіруді ұйымдас­тырған, содан соң өзі де Ұлыбританияға кетіп, бүгінгі күнге дейін Қазақстанға кірмеген.

2010 жылғы сәуірде Павловқа қатысты бі­реу­дің сеніп тапсырылған мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қоз­ғал­ған, ал 2010 жылғы тамызда оған іздеу жарияланған.

Онымен сөз байласа отырып «Алға» тіркел­меген партиясы басшыларының бірі, М.Әбілә­зовтің ең жақын сенімді серіктерінің бірі болып табылатын және шетелде тұрақты тұратын Мұратбек Кетебаев әрекет еткен.

Терроризм және экстремизм актілерін ұйым­дастыру жөнінде жоспарларды олар 2011 жылғы қыркүйектен бері ойластырып келген.

2012 жылғы наурыздың басында олар өздері­нің сыбайластарына Алматы қаласының қоғамдық орындарында, оның ішінде саябақтар аймағында және әкімшілік ғимараттарының жанында жарылыстар жасауды тапсырған.

Атап айтқанда, Павлов орындаушыға Әуезов ауданындағы «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы «Фэмэли» саябағында жарылысты ұйымдастыруды, сондай-ақ жарылғыш заттарды Әл-Фараби даңғылындағы жаяу жүргіншілер өтпелерінде орналастыруды тапсырған.

Лаңкестік шараларын ұйымдастыру үшін Павлов 25 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай қаражат бөлген, оның 15 мың доллары орындаушыға берілген. Қалған 10 мың долларын терактілер жасалғаннан кейін беру жоспарланған.

Жедел-тергеу шараларының барысында лаң­кестік шараның негізгі мақсаты ретінде халықты қорқыту, аласапыран мен дүрбелең жағдайын тудыру, елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыз­дандыру болғандығы анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 233-бабының 1-тармағы («Терроризм») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.

Тергеу аясында құқық қорғау органдарына жо­ғарыда аталған тұлғалардың шетелдіктерді қо­са алғанда радикалды ұстанымдағы діни топ­тар­­дың өкілдерімен Қазақстанда террористік акті­лер­ді бір­­лесіп жасау, сондай-ақ дінаралық және ұлт­ара­лық тұрғыда қақтығыстар тудыру мақ­сатында байланыс орнату әрекеттері туралы ақпарат келіп түсті.

Тергеу жүргізілуде. Бірқатар тұлғалар қазіргі кез­де ұсталды және кінәларын мойындап, айғақ беруде.

Мұнан өзге ақпарат тергеудің мүддесіне байланысты жарияланбайды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.