Әлем • 08 Сәуір, 2019

Н.Нығматулин Қатардағы Парламентаралық одақ алаңында В.Володинмен кездесті

895 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қатар астанасы Доха қаласында өтіп жатқан Парламентаралық одақтың 140-шы Ассамблеясы алаңында Ресей Мемлекеттік Думасының спикері Вячеслав Володинмен кездесті деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Н.Нығматулин Қатардағы Парламентаралық одақ алаңында В.Володинмен кездесті

Тараптар Қазақстан мен Ресей парламентаралық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, оның зор әлеуеті мен одан әрі дамытуға қатысты ортақ мақсаттарды атап өтті.  Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Қазақстан осыған дейін еліміздің  Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Ресей Президенті Владимир Путинмен қол жеткізген келісімдерін жүзеге асыруды, сондай-ақ Ресеймен стратегиялық өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастыратынына тоқталды. Бұл бағытта Мәжіліс төрағасы екі елдің Парламенттері ағымдағы жылғы парламентаралық  іс-қимылдарға баса назар аударатынына сенім білдірді.  

Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володин Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқынына көңіл бөліп, бұл бағытта екі ел Президенттерінің орасан жұмыстар атқарып жатқанын айтты. В.Володиннің пікірінше, «осы ретте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі өте зор». Н.Нығматулин мен В.Володин ағымдағы жылдың 23-24 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV Кеңесіне дайындық мәселелерін де талқылады. 

Мемлекеттік Дума спикері айтқандай, көптеген елдердің қызығушылығын есепке ала отырып, Кеңес жұмысын алдағы уақытта да жүзеге асыру қажет. В.Володиннің пікірінше, бұл ашық диалог аясында көптеген маңызды мәселелерді талқылауға  және шешуге мүмкіндік береді.