Аймақтар • 14 Сәуір, 2019

Мамыр айында Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу әуе рейсі ашылады

942 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамыр айының ортасында Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу бағытындағы әуе рейсі ашылады деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев.

Мамыр айында Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу әуе рейсі ашылады

«Әзірге, рейсті аптасына бір рет (жексенбі күні), кейін екі рет (сәрсенбі,  жексенбі күндері) Мәскеудің Жуковский әуежайы арқылы  ұйымдастыру жоспарланып отыр.


Рейсті Иркутскінің «ИрАэро» әуекомпаниясы 98 жолаушыға арналған Sukhoi Superjet 100 ұшағы арқылы жүзеге асыратын болады», деп жазды Марат Иғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында.