Аудан әкіміне жаңа басшыны облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов таныстырып, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол екенін атап өтті.
А. Тастеміров 1958 жылы Ресей Федерациясы Омбы облысында туған. Алматы саясаттану және басқару институтын, Алматы экономика және статистика институтын, РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын Көкшетау облысы Ленинград ауданы «Менжинский» кеңшарында жүргізуші болып бастаған. 1994–1997 жылдары Ленинград ауылдық әкімшілігі басшысының орынбасары, аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінің жетекшісі болып істеген. Кейін Ақжар ауданы әкімінің орынбасары, әкімі, Айыртау ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
Осы тағайындауға дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясына басшылық еткен.