04 Қыркүйек, 2012

Конституциялық заңдылық нақтылықты қалайды

452 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Конституциялық заңдылық нақтылықты қалайды

Сейсенбі, 4 қыркүйек 2012 7:42

Еліміз жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Ата Заңымызды жаңа жетістіктермен жан-жақты тойлап өтті. Онда ұйымдастырылуына мұрындық болған Конституциялық Кеңестің атсалысуымен өткен «Конституция – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Ата Заңның арқасында келген толайым табыстар әлемге паш етілді. Конференцияда Конституцияның үстемдігі мен өміршеңдігі айқын дәлелденді.

Сейсенбі, 4 қыркүйек 2012 7:42

Еліміз жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Ата Заңымызды жаңа жетістіктермен жан-жақты тойлап өтті. Онда ұйымдастырылуына мұрындық болған Конституциялық Кеңестің атсалысуымен өткен «Конституция – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Ата Заңның арқасында келген толайым табыстар әлемге паш етілді. Конференцияда Конституцияның үстемдігі мен өміршеңдігі айқын дәлелденді. Ал осы орайда біздің елімізде Ата Заңның үстемдігін анықтап, тиісті дәрежеде қамтамасыз етуші мемлекеттік орган Конституциялық Кеңес болып табылады. Оның бұл қызметінің жан-жақты көрінісі жыл сайынғы Парламентке жіберілетін конституциялық заңдылықтың жай-күйі жөніндегі жолдауынан да анық байқалады. Біз мұндай жолдаудың маңызы мен мазмұны, негізгі мақсаты туралы кеңірек айтып беру үшін Д.А.Қонаев атындағы университеттің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Өмірәлі Қопабаевқа жолыққан едік.

– Өмірәлі Қажыбайұлы, Конс­титуциялық Кеңес туралы Конституциялық заңның 1-ба­бының 1-тармағына сәйкес Конституциялық Кеңестің не­гізгі қызметі республиканың бүкіл аймағында Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл туралы таяуда Конституция күні өткен  халықаралық конференцияда да нақты айтылды. Соған орай, Конституциялық Кеңес тәуелсіз мемлекеттік орган дей­міз. Алайда, оның Парламентке жіберетін конституциялық заңдылықтың жай-күйі жө­нін­дегі жолдауын есеп беруі деп түсінген дұрыс па?

– Мұндай жолдау Конститу­циялық Кеңестің бір жылдық жұ­мысы туралы есеп беруі емес, ке­рісінше, Парламентпен және Үкі­метпен бірлесе отырып заң­наманы одан әрі конституция­лан­дыру жөніндегі өз ойын ор­та­ға салуы болып табылады. Өйт­кені, Ата Заңымыздың үс­тем­дігін және оның тікелей қол­данылуын қамтамасыз ету, құқ­ық­тық жүйеде конституциялық бастауларды жүзеге асыру, адам­ның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қорғалуын күшейту Конституциялық Ке­ңес­­тің басты қызметі. Бұл орайда еліміздің Конституциялық Ке­ңе­сі өз құзыреті шегінде құ­қық­тық жүйені жетілдіру, оны хал­ық­­ара­лық стандарттарға жақын­дас­ты­ру бойынша тиімді шараларды жиі жүзеге асыра бастады. Қаз­ір­гі таңда оның қо­ры­тынды ше­ш­ім­деріндегі заң­на­ма­ны жетіл­діру жөніндегі құқық­тық позициялар мен ұсыныс­тар­ды уақ­тылы әрі толық жүзеге асыру республикада консти­ту­ция­лық заң­ды­лықты қамтамасыз етудің бас­ты шарттарының бірі болып отыр.

Осы жылдың басында Қазақ­стан Еуропалық комиссияға (Венеция комиссиясына) мүше­лік­ке қабылданды. Бұл «Еуро­паға жол» мемлекеттік бағдар­ла­ма­сы­ның құрамдас бөлігі болып та­былады. Осы ұйымға мүше болу арқылы демократияның жал­пыға тән құндылықтарын іске асыру, конституциялық заңды­лық­ты нығайту, адам және аза­мат­тың құқықтары мен бос­тан­дықтарын қамтамасыз ету сала­сындағы еліміздің орасан зор жетістіктеріне қол жеткізуге   Ко­н­с­титуциялық Кеңестің де қос­қан және қосар үлесі мол.

– Конституциялық Кеңес аталған жолдауларында қан­дай бағыттарды қамтып, нендей жәйттерге тоқталады?

– Өзінің жыл сайынғы жол­дауларында Конституциялық Ке­ң­ес елдегі конституциялық заң­ды­лық­тың жай-күйіне жалпы баға бере келе, өткен кезең ара­лы­­ғын­да қабылдаған шешім­де­рін­дегі міндеттерінің орындалу барысына тоқталады. Аталған ше­ш­імдерінің орындалуына сараптама жасап, оларды одан әрі жүзеге асыру мақ­са­тында мем­лекеттік органдар мен лауазым иелеріне тапсырмалар жүк­тейді. Сонымен қатар, заңна­ма­ның конституциялық жолмен дамуына баға беріп, оның олқы­лық­тарына назар аударып, оларды жетіл­діру жөнінде өзінің ойларын ортаға салады. Конс­ти­ту­циялық Кеңестің жолдаула­рын­да қарастырылған заңна­ма­лық ол­қы­лықтарды түзету мақ­са­тында көптеген заңдарға өзге­рістер мен толықтырулар енгі­зіліп, құ­қықтық саясатта жаңаша бағ­ыт­тар пайда болған кездер де жиі кездеседі.

– Осы айтылғандарға нақ­ты мысал келтірсеңіз.

– Мәселен, алдыңғы жылдары жария етілген жолдауларында көрсетілген Конституциялық Кеңестің тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізіліп, алқабилердің қатысуы арқылы қылмыстық істерді қа­­- р­ау шеңбері кеңейді, қылмыстық қудалау органдарының қылмыс­тық іс қозғау туралы қаулы­ла­ры­на сотқа шағымдану мүмкіндігі берілді, әркімнің білікті заң кө­мегін алу, соның ішінде ақысыз заң көмегін алу жөніндегі аза­маттардың конституциялық құ­қы­ғын іске асыру тетіктері же- ­т­іл­дірілді.

Конституциялық Кеңестің был­тырғы жолдауының ұсы­ныс­та­ры­на сай заң жобаларының қа- з­ақ және орыс тілдеріндегі мә­тін­­дерінің мағыналық тең нұс­қа­лы­ғын қамтамасыз ету мақ­са­тында ғылыми лингвистикалық сарап­та­малық жұмысты жетіл­ді­ру қолға алынды. Заңдардың жә­не өзге де нормативтік-құ­қық­тық ак­тілердің жобаларына құ­қық­­тық, лингвистикалық, эколо­гия­лық, қаржылық, міндетті түр­де сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасалуы да Конс­ти­туциялық Кеңестің ұсыныстары екені белгілі.

– Бұл орайда қандай шаралар қолға алынды?

– Жолдауда көрсетілгендей, 2011 жылы Парламент, Үкімет және өзге де мемлекеттік органдар тарапынан Конституциялық Кеңестің қорытынды шешім­де­рін орындаудың құқықтық тетік­те­рін күшейту және оның қыз­метін жетілдіру жөніндегі бір­қатар маңызды шаралар қолға алынды.

Осы мақсатта Қылмыстық ко­декс Конституциялық Кеңес­тің қызметіне кедергі келтіретін болғандықтан қылмыстық жауап­тылық белгілейтін 319-1-баппен толықтырылды. Заңның нормасын конституциялық емес деп тану туралы Конституциялық Ке­ң­­естің нормативтік қаулы­ла­рының орындалу тиімділігін арт­тыру мақсатында Парламент Мә­­жілісінің депутаттары кейбір заң­­намалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеп, Парла-   ­мен­­т­тің қарауына енгізді.

– Ал Конституциялық Ке-ң­ес өзінің биылғы жолдауында қандай мәселелерді алға тартып отыр?

– Ол өзінің биылғы жол-дауында мемлекетіміздің қар­қын­ды дамуындағы Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Тұңғыш Пре­зи­денті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлін, Қазақстан халқының 2011 жыл­ғы 3 сәу­ір­дегі кезектен тыс сай­лау­да оған аса жоғары сенім біл­діріп, қайта Мемлекет басшысы етіп сайла­ғанын атап өтеді.

Конституциялық Кеңес ал­дың­­ғы жолдау жарияланғаннан бергі кезеңде қабылданған ше­шім­де­ріне талдау жасай келе оларда бе­кі­тілген жекелеген құ­қықтық позицияларға тоқ­та­ла­ды. Мысалы, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық № 2 соты­ның өті­нішін қарап, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мем­ле­кет­тік тіркеу туралы» заң­ның 44-ба­бының 1-тармағын Кон­с­титу­ция­ға сәйкес деп таныды. Сот­тың Конституциялық Ке­ңеске өті­ніш жасауына жер­гі­лікті әді­лет департаментінің заң бойынша азаматтың сот арқылы тан­ыл­ған жылжымайтын мү­лік­ке құ­қы­ғын тіркеуден бас тартуы себеп болған еді. Осы өтініш бой­ынша қабылдаған 2011 жыл­ғы 7 желтоқсандағы № 5 нор­мативтік қаулыда Консти­туция­лық Кеңес, аталған заңда орын алған ол­қы­лықтарды жою мақ­са­тында, кү­ші­не енген сот шешім­дерін орын­даудың ерекше­лік­те­рін қарас­ты­ру туралы «Жылжымайтын мү­лікке құқықтарды мем­лекеттік тір­кеу туралы» заңға өз­ге­рістер енгізу қажеттігін ес­керт­ті.

Сондай-ақ Премьер-Минис­тр­дің мерзімдерді есептеу мәселе­лері бойынша Конституция нормаларын ресми түсіндіру, Конс­титуциядағы бекітілген «ұстау» ұғымын айқындап беру туралы өтініштері қаралған болатын. Конс­титуциялық Кеңес 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 2 нор­ма­тив­тік қаулыда конс­титу­ция­дағы «ұстау» сөзі құқық бұзу­шы­лық­тың жолын кесу немесе қыл­мыс­тық іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатымен қатар, басқа да жағ­дай­ларда адамның ұсталуы ар­қы­­лы құқығының шектелуін қам­ти­тынын айтты. Нақты ұстау уа­қы­тынан бастап үздіксіз есеп­телетін 72 сағаттың өтуі осы мер­зімнің аяқ­талу сәті болып табылады деп атап көрсетті.

– Демек, енді Консти­ту­ция­лық Кеңестің осы нормативтік қау­лы­сы орындалу үшін не іс­теген жөн?

– Конституциялық Кеңестің осы нормативтік қаулысын орындау мақсатында іс жүргізу туралы және өзге де заңдарға ұстау, сон­дай-ақ оның мерзімін есептеу мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет­тігі аян. Мәселен, Қылмыстық іс жүргізу кодексі, «Шетелдіктердің құ­қық­тық жағдайы туралы» және өзге де заңдар Конституциялық Кеңестің шешіміне байланысты түзетулер енгізуді қажет етуі мүм­кін.

Жолдауда Конституциялық   Кең­­ес, сондай-ақ, өзге де іс-ша­ра­лар­ды уақтылы жүзеге асыру қа­жет­тігін ұсынды. Мысалы, «же­­ке өмірге қол сұғылмауы» деген конс­титуциялық ұғымның заң­на­малық мағынасын ашу, сөз­сіз тұл­ғаның құқықтары мен бос­тан­дық­тарының қорғалуына сеп­ті­гін ти­гі­зеді. Адамның құқық­та­ры мен бос­тандықтары тек заң­мен шек­телуі мүмкін деген конс­ти­­ту­ция­лық қағиданы басшы­лық­қа ала отырып, Үкімет қаулы­сымен бекі­тілген Жол қозғалысы ережесін қайта қарау да қоғам үшін ізгілікті іс екені белгілі.

– Әңгімеңізге рахмет.

 Әңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».