Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында бірден үш балет қойылымының премьерасы өтіп, көрерменге жол тартты. Классикалық өнерді бағалайтындар тарапынан «Шопениана» (романтикалық классика), «Бах шығармашылығын тану» (модернизм балеті) және «Болеро» (әуесқой көрсетілім) балеттері биылғы маусымның ғана емес, жалпы классикалық өнер әлеміндегі үлкен жаңалық ретінде қабылданып отыр.

Көрермендер мәңгі өшпес жауһарларды өмірге әкелген әлем классикасының композиторлары – Ф. Шопен, И.С. Бах, М.Равель музыкасымен қауышты. Премьера күндері Arteгалереясында театрдың балет труппасының фото-галереясы мен премьералық спектакльдердің сахналық костюмдерінің алдын ала көрсетілімі ашылды. Костюмдер бойынша суретші Паула Роза Сантана және Рене Салазар Дэвид хореограф Дэвид Джонатанның «Бах шығармашылығын тану» және Рикардо Амарантенің «Болеро» балеттерінің образдарын әзірледі. Жаңа қойылымдарға байланысты арнайы баспасөз мәслихаты өтіп, театр әкімшілігі мен сахнаға дайындаған авторлар спектакльдің ерекшелігі, жаңалығы туралы кеңінен әңгімеледі.
«Костюмдер шебердің қолынан шығуы керек, ал оны кәсіби шеберлікпен тігу театрға үлкен жауапкершілік жүктейді. Спектакль оқиғасы қай дәуірді бейнелесе, сол уақыттың шындығын толыққанды көрсете білуі үшін костюм де тиісті стильге, дәуірге, образға сәйкес келуі керек. Театр костюмі – сахналық образдың құрамдас бөлігі, әртістің екінші бейнесі, көрерменге көркем әсер ету құралы. Костюмдердің алдын-ала көрсетілімі кейінгі премьералар үшін үлгі боларына сенімдімін» - дейді Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ая Қалиева.
«Шопениана» - Фредерик Шопеннің музыкасына қойылған балеттік сюита. Сюжетсіз спектакль – бұл арман мен шындық арасындағы мәңгілік қақтығыстары көрінбейтін романтизм дәуіріне еліктеп жасалған жұмыс.«Шопениана» балетін театрдың бас балетмейстері, Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Түткібаева қойды. Ол хореографияны сүйетіндерге «ақ балет», «әуе балеті» деген атаумен де танымал романтикалық стильдегі балет. «Көрермендерге ұсынылған спектакль жаңа сценографиясымен, костюмдерімен, орындаудағы аздаған өзгешелігімен ерекшеленеді. Біз М.Фокин қойған хореография қимылдарын сақтап, тамаша музыканың өміршеңдігін көрсетуге тырыстық. Аталмыш туынды театрымыздың репертуарынан орын тауып, көрермен көзайымына айналады деп сенеміз» - дейді театрдың бас балетмейстері Гүлжан Түткібаева.
Ал, неоклассикалық стильдегі «Бах шығармашылығын тану»балеті –революцияшыл, модернистік бағыттағы қойылым. Көптен күткен эмоцияның шынайылығы мен жаңашылдықты бағаламау мүмкін емес.
«Мұндай бағыттағы балетті қою маған зор жауапкершілік жүктеді және өзім үшін тәжірибе жинақтағандай болдым. Алдымен бұрыннан қалыптасып қалған таптаурындылықты бұзуға ұмтылдым. Балетті қою идеясынан бастап, барлық хореографиялық қимылды жүзеге асырғанға дейінгі балет труппасының әртістерімен жүргізілген шығармашылық үрдіс көңілімнен шықты. И.С Бахтың фортепианолық концертінің үш бөлімі, бұл балеттің үш түрлі қалпы: алғашқы классикалық бастау, екінші, сезім толғанысы мен ізденіс, үшіншісі, бостандық пен салтанат биі» - дейді Бельгиядан арнайы шақырылған қоюшы-хореограф Дэвид Джонатан.
«Бах шығармашылығын тану»қойылымында оркестр мен труппаның мықты дуэті қалыптасты. Жеке орындауда сүйемелдеген – әлемге танымал пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амир Тебенихин. «Қойылымды расында да өнердегі жаңашылдық деп қабылдау керек. Оркестр мен солистің бір сахнада өнер көрсетуі, алайда оларды көрерменнің байқамауы өте қызықты әдіс. Айта кететін жайт, спектакльде музыканттар елеулі қиындықтарға тап болмай қалған жоқ, себебі декорация саны азайған сайын, дыбыстық картина да айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Сондай-ақ, балет әртістерінің қимылдары мен біздің орындауымызды үйлестіру де оңайға соқпады. Алайда, осындай қиындықтармен бетпе-бет келіп, оны жеңу біздің жұмысымызды одан бетер қызықты ете түсті» - деп бөлісті Амир Тебенихин (Германия).
Танымал биші, орыс балетінің солисті Ида Рубинштейннің ықпалымен испан елінің өнерін жақсы білетін Равель ілгеріректе бірегей«Болеро»шығармасынжазуды қолға алған. Заманында ол Париждегі «Гранд Опера» сахнасында испан халқының рухындағы хореографиялық композиция орындауды ұйғарады. «Болеро» балетін осыдан 51 жыл бұрын Болат Аюханов қойған болатын. Арада жарты ғасырдан астам уақыт өткенде бразилиялық хореограф Рикардо Амаранте балетті қайта жандандырып, қазақ сахнасында қайта жаңғыртып отыр. Балетмейстердің айтуынша, оның «Болеро» хикаясы әйел затының мінсіз сұлулығы мен сезімталдығын жырлайды. «Мен «Болеро» балетін қоюға ұсыныс алған кезде бір мезетте әрі жігерленген, әрі толқыған күй кештім. Өйткені әлемдік хороеграфияда бұл балет бірнеше рет сахналанған болатын. «Болеро» балетінің пайда болуына ықпал еткен Ида Рубинштейннің танымал картинасы осы тұста маған жігер беріп, сезімтал, эмоционалды-қанық балет қоюды қаладым. Шексіз қиял бізді махаббат, қызғаныш пен құштарлық әлеміне жетелейді».
Рикардо Амарантенің қойылымы – бұл ессіз құштарлық пен бидің ырғақтылығы. Классика мен модерн сахнада болып жатқан барлық қимылдан көрініс табады – бишілердің орын ауыстыруы, жарықтың көрермен көңіл-күйін өзгертуі, ал екпінді, ырғақты музыка толқын-толқын әсерді одан бетер күшейте түседі.
«Бах шығармашылығын тану», «Болеро» қойылымдары, сөз жоқ, труппамыздың кәсіби тұрғыда өсуіне әсер етеді, себебі бұл қойылымдар біздің балет әртістеріміздің таланты мен кәсіби мүмкіндіктерін ескере отырып, арнайы қойылған. Ерекше айтқым келетіні, біз классикадан бас тартпаймыз, әуелгі спектакльдердің барлығы репертуарымызда қалады» - деді ауқымды балет қойылымдарына байланысты өткен баспасөз мәслихатында Г.Түткібаева.
Барлық үш балеттің де қоюшы-дирижері – Ерболат Ахмедияров. «Премьералық балеттердің үшеуі де – түрлі дәуірлердің музыкасы. Г. Түткібаевамен бұрыннан бері бірге жұмыс істеп келеміз және бірқатар спектакльдерді бірлесе қойдық. Бір-бірімізді жақсы түсінеміз, серіктестер ретінде қалыптасып кеттік десем де болады, әлдебір тандем пайда болды. Ал Дэвид пен Рикардомен тіл табысу өте оңай болды. Олардың біздің труппамен бар ынта-жігерін салып, жеңіл әрі қызу жұмыс істегеніне риза болдым. Оркестрдің жұмысы туралы пікірін олар туындыны орындағанға дейін немесе кейін айтатын. Ешқашан біздің ойынымызды бөлген емес, бұл командамызға деген құрметті білдіреді. Сол үшін оларға алғысым шексіз» - дейді өз кезегінде Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері Е.Ахмедияров.
«Мың рет естігенше, бір рет көрген дұрыс» деп, театр әкімшілігі мен жаңа премьералардың авторлары Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын 3 сәуірде өтетін қойылымдарды тамашалауға шақырды.
АЛМАТЫ
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • Бүгін, 18:15
ЕО вакцинация төлқұжатын енгізе ме?
Медицина • Бүгін, 18:14
Елордада заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды
Елорда • Бүгін, 18:12
ҰБТ кезінде санитарлық-эпидемиялық нормалар қатаң сақталуда
Білім • Бүгін, 18:06
Алтай Көлгінов акселераторлық даму жұмыс тобының қатысушыларымен кездесті
Елорда • Бүгін, 18:00
Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды
Қазақстан • Бүгін, 17:53
Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады
Елорда • Бүгін, 17:50
Түркістан облысының полицейлері жоғалып кеткен әйелді аман-есен тапты
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға қамалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Маңғыстауда өткен жылы 18 кәсіпорын индустриялық сертификатқа ие болды
Аймақтар • Бүгін, 17:33
Қар барысының терісі: Туризм академиясының президенті сынға қалды
Қазақстан • Бүгін, 17:30
Шымкентте карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлік нысан анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov-та 6 қызмет іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 17:00
Былтыр Қызылордада 2181 азамат «Бастау» жобасын онлайн оқыды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Нью-Йоркте Қазақстанның ядролық қаруға тыйым салу туралы шарты талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 16:57
Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:52
«Қостанайда жарылыс болады» деген ақпаратты полиция тексеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:49
Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды
Қоғам • Бүгін, 16:49
Елордалық жігіт көпірден секіріп өлмек болған
Елорда • Бүгін, 16:48
Ақтауда 30 жылдан бері алғаш рет төртем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 16:40
Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек ерін құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:39
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 16:33
Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды
Қоғам • Бүгін, 16:32
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:15
Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Ордабасыда құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
Қазақстан • Бүгін, 16:05
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2,1 трлн теңгеге артты
Қоғам • Бүгін, 15:57
Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
WhatsApp бөтен адамға ақпарат беретіні рас па?
Технология • Бүгін, 15:36
Денсаулық сақтау министрлігі жанынан «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды
Қоғам • Бүгін, 15:30
20 қаңтар: Жетісайда егін маусымы басталды
Аймақтар • Бүгін, 15:26
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан • Бүгін, 15:25
Елордада 10 мың дана экодорба таратылады
Экология • Бүгін, 15:23
Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті
Видео • Бүгін, 15:18
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңнамалық түзетулер мақұлданды
Парламент • Бүгін, 15:13
Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 15:08
Жақынына жанашыр болған жетісулықтар
Аймақтар • Бүгін, 15:00
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:58
Кәсіпкерлердің құқын бұзу дерегі кемімей тұр
Қоғам • Бүгін, 14:57
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Алматыда тұтынушылар мүддесін қорғау үшін 5 мыңдай сертификат қайтып алынды
Аймақтар • Бүгін, 14:31
Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 14:26
Алматының тағы 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Бүгін, 13:33
Руханият • Бүгін, 13:32
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Бүгін, 13:10
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 12:53
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Бүгін, 12:50
Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі Алматыдағы Nur Otan филиалын басқарады
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Өткен жылы 99 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
Қоғам • Бүгін, 12:31
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Бүгін, 12:26
Жөтелді арақ буымен емдеуге бола ма?
Қоғам • Бүгін, 12:20
Дубайдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 12:16
Қуат Хамитов интернетке қосыла алмағандықтан сот отырысы кейінге қалдырылды
Қазақстан • Бүгін, 12:07
21 қаңтарда Сенаттың кезекті отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 12:06
Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады
Аймақтар • Бүгін, 12:03
Аягөзде 5 қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үй бастау алады
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Мағзұм Мырзағалиев қарағандылықтарға жаңа Экологиялық кодексті таныстырды
Аймақтар • Бүгін, 11:55
Атырауда сотталған азамат еріктілер қатарына қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Монархияны сынаған таиландық 43 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 11:46
Глубокое ауданы ауызсумен қамтамасыз етіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Балаларды вакцинациялауға қатысты жалған ақпарат тарады
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Алматылықтар 80 миллион теңге шамасындағы қарыздарын төлемейтін болды
Аймақтар • Бүгін, 11:29
Елімізде 6 күннің ішінде 54 адам коронавирустан көз жұмды
Қазақстан • Бүгін, 11:25
Дональд Трамп жаңа партия құрғысы келе ме?
Әлем • Бүгін, 11:22
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған алматылық 4 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:16
Ұқсас жаңалықтар