Қазақстан • 31 Мамыр, 2019

Игі бастама. Ерен еңбек. Әділ баға

898 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық интеграция идеясына – 25 жыл. Бүгінде өз деңгейінде жүзеге асырылып отырған бұл идея өзінің өміршеңдігін көрсетуде. Сондықтан да осы бастаманы күн тәртібіне шығарып қана қоймай, оны ілгерілетіп, нақты нәтижелерге қол жеткізу жолында аянбай еңбек еткен Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі айрықша айтылуы тиіс.

Игі бастама. Ерен еңбек. Әділ баға

Күні кеше елордада Елбасы­ның еуразиялық интеграция жө­ніндегі идеясына 25 жыл то­луына және Еуразиялық эко­номикалық одақ жөніндегі ке­лі­сімге қол қо­йы­луының 5­ жыл­­ды­­­ғына орай Жоғары Еуразия­лық эко­но­микалық кеңес­тің кезекті отыры­сы өтіп, онда Ресей Президенті Вла­­­димир Путин Қазақстанның Тұң­­­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назар­баевқа «Жоғары Еуразия­лық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы» атағын беруді ұсынды. Ұсыныс қатысушылар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Бұл жерде Нұрсұлтан Назар­баевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясы мен Еуразиялық экономикалық одақ­тың құрылуына қосқан тарихи үлесі барынша ескерілді.

Жалпы, Н.Назарбаев осыдан 25 жыл бұрын, дәлірегі 1994 жылы 29 наурызда М.В.Ломо­носов атындағы Мәс­кеу мем­лекеттік университетінде қа­ты­сушы елдердің көпжақты әрі тең құқылы әріптестігі негі­зінде еуразиялық интеграцияны жү­зеге асыру бағытындағы идея­сын жария еткен-ді. Содан бері өт­кен 25 жыл­дың ішінде атал­ған идея негіз болған қыруар жұмыс ат­қа­рылды. Нақтылай айтқанда, Н.Назарбаевтың ты­нымсыз еңбегі мен ерік-жіге­рі­нің нәтижесінде заманауи еуразиялық интеграция түзілді, ЕурАзЭҚ, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік және Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Мұның барлығы еуразиялық интеграцияның стра­тегия­лық негізі екені сөзсіз.

Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразия­лық интеграция­ жө­нін­­дегі идеясы өңір­лік ынты­мақ­тас­тықты нығайтуға, экономи­­­­калық даму саласындағы түйт­кіл­ді мә­се­лелерді анықтап, оны ше­шу жолдарын іздеуге тың сер­­пін бер­ді.

Еуразиялық интеграция жобасын жүзеге асыруда оңтайлы шешімдер, сауатты қадамдар жа­салды. Соның бір дәлелі ре­тін­де Қазақстан, Беларусь, Қыр­ғыз­­стан,­ Ресей және Тәжікстан пре­зи­денттерінің 2000 жылғы 10­ қа­занда елордада қол қоюы­мен­ құрылған Еуразиялық эко­но­­мика­лық қоғамдастықты (ЕурАзЭҚ)­ айтуға болады. Құры­лым 2001 жылғы 30 ма­мыр­да күші­не енді.

Кеден одағын құру, келі­сіл­ген экономикалық саясат жүр­­­­гізу, экономиканың нақ­ты­ секторлары бойынша іс-қи­мыл, энергетикалық нарықты қа­лып­­­­тастыру және оны дамыту, кө­лік одағын қалыптастыру жә­не Қо­ғамдастықтың транзиттік әлеуе­тін арттыру мен басқа да маңызды мәселелер ЕурАзЭҚ-тың басым бағыттары болып бел­гіленді.

ЕурАзЭҚ аясында шектеу­лерді қолданбайтын еркін сауда аймағын құрудың арқасында 2008 жылы Қоғамдастық ел­дерінің арасындағы өзара тауар айналымы 2000 жылмен салыстырғанда 4,2 есе өсті (29 миллиард доллардан 123 миллиард долларға дейін). Бұл Кеден одағын құрудың алғышартын қалыптастырды.

Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) құру ісі де еуразиялық инте­гра­цияның маңызды шарасы болды. Кеден одағы 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде өткен ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесі оты­рысында құрылды. Оны құру жөніндегі шешім Қазақ­стан, Беларусь және Ресей бас­шыларының қатысуымен қа­былданды. Сонымен қатар Кеден одағын қалыптастыру жө­ніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

2009 жылғы 19 желтоқсанда Алматы қаласында өткен бей­ресми саммит барысында­ Қа­зақ­­стан, Беларусь және Ре­сей президенттері Біртұтас эко­но­ми­калық кеңістік қалып­тас­­тыру жө­ніндегі 2010-2011­ жылдарға арналған іс-шара­лар жоспарын бекіткені де еуразия­лық ин­те­грацияға тың серпін берді. БЭК кәсіп­керлерге тауарларын еркін сатуға, қызмет көр­сету, электр жеткізу, кө­лік­­ жә­не байланыс салалары бо­йын­ша өзара әріптестік орна­туға мүмкіндік беретін бірың­ғай нарық саналады. БЭК – эко­номиканы, салық, қаржы және кеден саясатын реттеудің тиімді бірыңғай тетігі бар кеңістік.

Еуразиялық интеграция идея­­сының басты жемісі ретінде Еуразиялық экономикалық одақ­­­­­­тың (ЕАЭО) құрылуын ай­ту­ға болады. ЕАЭО құру туралы келі­сімге 2014 жылдың 29 ма­­мырында елордада Қазақ­стан, Бела­русь және Ресей пре­зи­дент­тері қол қойғаны белгілі. Атал­ған келісімді қатысушы мемлекеттер ратификациялап,­ соның нәтижесінде ЕАЭО 2015 жылдың 
1 қаңтарынан бе­рі жұ­мыс істеп тұр. ЕАЭО шең­­бе­рінде тауарлардың, көр­се­ті­ле­тін қызметтердің, капи­тал­дың жә­не жұмыс күшінің еркін қоз­ғалы­сы, экономика са­­ла­ларында үйлес­тірілген, келі­сілген немесе бірыңғай сая­сат жүргізіледі.

Көптеген сарапшы Еуразия­лық экономикалық одақ­тың құрылуын Еуразия кеңіс­тігін­дегі интеграциялық үдерістерді дамытудағы елеулі оқиға ре­тінде бағалайды. Осы­лайша еуразия­лық интеграция жобасын жүзеге асырудың заманауи құралдары өмір­ге келді.

Бүгінде ЕАЭО жұмысына өз­­­де­­рінің қызығушылығын біл­діріп отырған елдердің қатары да кө­бейіп келеді. Мұның барлығы өз ке­зегінде еуразиялық интегра­ция идея­­­сының өміршеңдігін көр­сетеді.

Енді, міне, барлық қатысушы тараптар ілкімді ой мен ілгері ниеттен туған еуразиялық ин­те­г­рация идеясының авторы Нұрсұлтан Назарбаевтың ең­бе­­гін ашық мойындайды әрі жоғары бағалайды. Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті – Елбасына «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құр­метті төрағасы» атағының бері­луі лайықты еңбекке көрсетілген шынайы құрмет екені анық.