Аймақтар • 11 Маусым, 2019

Шымкентте сайлау күні 53 сәби өмірге келді

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы күні үшінші мегаполисте 53 сәби дүниеге келді.

Шымкентте сайлау күні 53 сәби өмірге келді

Ақ халаттылардың айтуынша, саяси дода күні дүниеге келгендердің басым бөлігі қыз балалар екен.

«Олардың 29 қыз болса, 24-і ұл балалар. Барлығының денсаулығы жақсы. Олардың саулығы назарымызда»,  дейді медицина қызметкерлері.

Айта кетерлігі, сайлау күні дүниеге сәби әкелген келіншектер кезектен тыс өткен сайлауда өз дауыстарын берген. Олар үшін перзентханаларда сайлау учаскелері жұмыс істеген. Ал бөлмесінен шыға алмаған аналарға арнайы жәшік жеткізілген. Перзентханадағы аналар саяси сайлауға 100 пайыз қатысып, өз таңдауын жасаған.