Қазақстан • 02 Шілде, 2019

Үкімет резерві 72,9 млрд теңгеге ұлғайтылады

292 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет резервінің ұлғайтылатынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Үкімет резерві 72,9 млрд теңгеге ұлғайтылады

«Бюджеттің шығыс бөлігін нақтылау үш бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағыт - халықтың тұтынушылық кредиттері бойынша борыш жүктемесін  азайту. Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтар санатына жатқызылатын әр қарыз алушы үшін тікелей және атаулы қаржылық көмек түрінде мемлекет 300 мың теңгеге дейін жалпы мөлшерде  негізгі борышы және ол бойынша есептелген өсімпұлды өтейді. Осы мақсаттарға жоба 88,5 млрд сомасында шығыстарды қарастырып отыр. Екінші бағыт - жұмыспен қамту, аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен жастарды қолдау бойынша пәрменді шараларды кеңейту және күшейту. Бұл мақсаттарға 138,6 млрд теңге бағытталатын болады», деді бірінші вице-премьер.

Ә. Смайыловтың айтуынша,  оның ішінде 1,5 млрд теңге ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім беру грантын бөлуге,  2,4 млрд теңге биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білім беруде жұмысшы мамандығы  бойынша  оқып жүрген студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға ұлғайтуға (122 мың студентті қамттиды), 49,2 млрд теңге, «Бастау бизнес» қысқа мерзімді кәсіптік білім беру тетіктері арқылы жұмысссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Еңбек» бағдарламасы бойынша ауылдарда кредиттеу көлемін және стартап жобаларға берілетін гранттар санын ұлғайтуға, 14,4 млрд теңге Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 10 мың адамды қамти отырып, жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер көлемін 1 мыңнан 3 мың пәтерге дейін ұлғайтуға, 70 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек көлемдерін осы  жылдың 1 шілдесінен  1 сәуірге көшіруге байланысты қажетті қаражатты жабуға, 1,1 млрд теңге, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде, ЖОО-ларда студенттерді кәсіпкерлікке оқытуға жұмсалады.

«Үшінші бағытта жобада Үкімет резервін 72,9 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылады. Аталған қаражаттың бір бөлігі Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға бағытталатын болады. Мұнан басқа сомасы 15,9 млрд теңге қаражатты ішкі нарыққа бөлу есебінен шұғыл шешуді қажет ететін міндеттемелер қаржыландырылады», деді ол.