Аймақтар • 16 Шілде, 2019

Қызылордада жедел жәрдемге жүгінетіндер көбейді

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада ауаның температурасы 40 градустан жоғары тұр.

Қызылордада жедел жәрдемге жүгінетіндер көбейді

Өңірлік Коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында:

«Аймағымыздағы күннің қатты ысуы тұрғындарға әсер етуде. Соңғы екі аптада жедел жәрдем қызметін шақыртқан тұрғындар саны артты. Атап айтқанда, 1-7 шілде аралығында дәрігерлер 10951 адамға медициналық қызмет көрсетті. Ол 8-14 аралығында 11049 адамға жетті. Ауа-райына байланысты демсаулығы сыр берген азаматтар саны өскені аңғарылып отыр. Олардың арасында жүрек-қан тамырлары ауруы бірінші орында тұрса, одан кейінгі кезекте - тыныс алу дерттері. Осыған байланысты облыс тұрғындарын ұзақ сапарлардан, ашық күннің астында ұзақ болудан, тәуліктің ыстық мерзімінде сыртта ұзақ жүруден бас тартуға шақырамыз»,  деді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.