Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
«Бүгін біз Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптар ұлттық орталығы» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуына арналған маңызды іс-шараның куәсі болып отырмыз. Бұл тарихи сәт қоғамдық келісім мен жалпыұлттық халық бірлігін нығайтудағы Қазақстанның ғылыми-сараптама қауымдастығының жұмыстарына жаңа белестер мен перспективалар ашатындығы сөзсіз», деді Жансейіт Түймебаев.
Ынтымақтастық туралы бұл құжат арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы Айгүл Сәдуақасова мен Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ директоры Жандос Болдықов жоғары білім, ғылым мен мәдениет аясындағы тікелей және өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, ұлттың мәдени және жазба мұрасын сақтау саласында келісімге келді.
Мұндағы мақсат – екі жақтың мүмкіндіктері мен ғылыми-зерттеу қызметтерін тиімді пайдалану, мәдени мұраны сақтау, елдің тарихына, мәдениетіне және тұрмыс жағдайына қатысты қолжазбалар мен сирек кітаптардың құндылығын анықтау, аудару, зерттеу және ғылыми айналымға енгізу, кітап жәдігерлерін қалыпқа келтіру, оларды каталогтандыру, цифрлы жүйеге көшіру, қолжазбалардың цифрлы көшірмелерінен микрофильмдер жасап, сақтау салаларында ғылыми тәжірибе алмасу. Сонымен қатар каталогтандыру, қолжазба баспалары, литография, беттік баспа, цифрлы көшірмелер мен қолжазбаларды қолдану және қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысу мақсатында мамандармен алмасу да көзделеді. Осыған сәйкес, келісімшарт аясында ұзақ және қысқа мерзімді тағылымдамадан, оқу-өндірістік және ғылыми тәжірибеден өту және зерттеушілермен кәсіби (өндірістік, зерттеу) тәжірибелер алмасу көзделген. Сондай-ақ өзара ортақ мүддені көздейтін және тарихи құнды болып табылатын жазба ескерткіштерін сақтау және пайдалану саласында жоғары білікті ғылыми кадрлар мен мамандарды даярлауға қол жеткізілмек.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар