Қазақстан • 18 Шілде, 2019

Қарулы Күштердің барлаушылары Үндістанда өтетін халықаралық сайысқа қатыспақ

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлаушылар құрама командасы ел намысын «Әскери барлау үздіктері» конкурсында қорғайтын болады. Бұл туралы «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қарулы Күштердің барлаушылары Үндістанда өтетін халықаралық сайысқа қатыспақ

Осы күндері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлаушы әскери қызметшілері «Әскери барлау үздіктері» сайысына соңғы жаттығуларын өткізді. Аталмыш сайыс халықаралық АРМИ 2019 армиялық ойындардың бағдарламасына енген. Сайысқа іріктеу этаптары барысында Құрлық әскерлері әскери бөлімдерінің арасында үздік барлаушылар іріктеліп алынды. Барлығы 30 әскери қызметші. Команда құрамына топ командирі, аға барлаушы, сапер, мерген, санитар, оқшашаршы, атқыш, гранатаатқыш, байланысшы, сондай-ақ резервтегі 2 әскери қызметші мен техникалық персонал кіреді. 

Сайыс барысында барлаушыларға 5 шақырымдық жүгіру орындауға, «Барлаушының соқпақ жолы» кедергілер кешенінен өтуге, ЖӘЖМ жүргізу машықтарын паш етуге және әртүрлі кіріспе міндеттерді пысықтауға, оның ішінде, шартты қарсыласқа торуыл ұйымдастыруға тура келеді.

Конкурс талаптарына сәйкес, барлаушылар барлық кедергілерді толық киім-кешекте еңсерулері тиіс. Оның салмағы шамамен 25 келіні құрайды. Бұл қару-жарақ, мина-жарылғыш және инженерлік құралдар, киім және медициналық мүлік, сондай-ақ бір тәуліктік құрғақ азық.

Биылғы жылы «Әскери барлау үздіктері» халықаралық байқауы Үндістанның Джайсалмер қаласында өтеді, ол өлкедегі сайысқа шөлді жердегі түнгі барлау этапын қосу мәселесі де қарастырылуда. Кезекті V «АрМИ-2019» халықаралық армия ойындары 2019 жылдың 3-17 тамыз күндері өтеді деп жоспарланған. Биыл ойындар Әзірбайджан, Армения, Беларусь, Иран, Индии, Қазақстан, Қытай, Монғолия, Ресей және Өзбекстан сынды 10 мемлекеттің аумағына өтеді.