Қазақстан • 08 Қазан, 2019

Қоғамдық диалогтың қағидаттары

1364 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялады. Жолдауда көтерілген мәселелер қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтиды.

Қоғамдық диалогтың қағидаттары

Атқарылатын жұмыстар­дың барлығы бес институционал­дық реформа және Ұлт жоспарын жүзе­ге асыруға негізделеді. Жол­дау қа­ғидаларын іске асыру үшін бес іргелі міндет айқын­дал­ды: заман талабына сай тиім­ді мемлекет, азаматтардың құқық­тары мен қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз ету, қарқынды дамы­ған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңірлер – қуатты ел.

Президент заман талабына сай тиімді мемлекет құрудың бес міндетін атап көрсетеді. Жол­дауда қоғамды мазалайтын не­гізгі мәселелер көшеде емес, аза­мат­тық диалог шеңберінде Пар­ламентте талқыланып, өз ше­шімін табу керектігіне ерекше тоқталады. Бүгінде елімізде орын алып жатқан түрлі наразы­лық­тардың куәгері болып отыр­мыз. Мысал ретінде, жер, көп балалы аналар митингтері басқа да әлеу­меттік мәселелерге қана­ғат­танбаған азаматтардың наразы­лық­тарын айтуға болады. Сон­дықтан шерулер туралы заңна­маларды жетілдіру маңызды.

Мемлекет басшысы саяси реформаларды өз ретімен, іргелі қағидалары елдің қоғамдық-саяси жаңғыруы негізінде сәтті экономикалық реформаларды жүргізумен байланыстырады. Мемлекет тұрақтылығының негізі ретінде «Күшті Президент – ық­палды Парламент – есеп бе­ретін Үкімет» формуласы саяси жүйенің болашақ моделіне айналатынын дәйектейді. Біздің ойымызша, күшті Президент халқының алдында жағымды бейнені қалыптастырғанға қара­ғанда, саяси билікте нақты мақ­саттарға жетуді көздейді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін халықтың саяси қолдауы қажет. Ықпалды Парламент еліміздегі демократиялық құндылықтарды нығайтып, атқарушы билік жауап­кершілігін қамтамасыз етеді деп ойлаймыз. Жария құ­қық пен сая­си зерттеулер негіздері­не сү­­йе­ніп, есеп беретін Үкімет инс­­­ти­туттары мен тетіктерін анық­­­тау қажет. Расында саяси жү­­йе­нің бұл формуласы қазіргі күр­­делі жаһандық ахуалдағы елі­міз­дің мұқтаждықтарын қана­ғат­тан­ды­рып, стратегиялық мін­дет­терді жүзеге асыруға ық­пал ете­ді. Бұл өз кезегінде «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» тұ­жы­рым­дамасын өмірге енгізудің іргетасы.

Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірнеше мәселелерге ерекше тоқталады. Басты фактор ретінде сот және құқық қорғау жүйелерін терең реформалау қажеттілігіне назар аударады. Қоғамда кеңінен таралған қылмыс түрлерін атап көрсетіп, Парламент пен Үкіметке жедел түрде ауыр қылмыстарға жазаны қатайтуды тапсырды. Сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күрес те назардан тыс қалмады.

Мемлекет басшысы қарқынды дамыған және инклюзивті экономикада құрылымдық өзгерістер жасаудың сегіз міндетін атап көр­сетті. «Білім экономикасы» ақ­параттық қоғам мен білім қо­ғамы­на тән постиндустриялық эко­но­мика мен инновациялық эко­­но­миканың дамуындағы жо­ғарғы кезең екенін білеміз. Бү­гінгі әлем­­дік қауымдастықтағы ал­дың­ғы қатарлы елдер жер қой­науын­­дағы қазбаларды емес, адам­­­ның ақыл-ойын басты бай­лық са­найды. Сондықтан осы «Бі­лім эко­­но­микасы» қағида­лары­на сү­йену арқылы Орталық Азия­дағы беделімізді арттыру стра­тегия­лық міндетін жүзеге асыра аламыз.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желі­лерде ерекше мән беріліп келе жатқан жер мәселесіне тоқта­лып, жерді шетелдіктерге сатуға жол берілмейтінін атап көрсетті. Халық байлығы саналатын жерді тиімді пайдаланудың тетіктерін ұсынуды Үкімет пен Парламентке тапсырды. Бұл тетіктер отандық аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің сапалы дамуына септігін тигізе­тініне сенімдіміз.

Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңін бастаудың алты бағытына ерекше мән береді. Білім беру сапасын жақсарту үшін жасалған ұсыныстармен қатар, жастар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қолдау білдіру қажеттілігін дәйектейді. Еліміздегі жоғары білімнің сапасына жеке тоқталып, орын алып отырған келеңсіз жайттарды жойып, білім сапасын арттыруға күш салынатыны белгілі болды. Ұлттың ілгері дамуы үшін қажет­ті ғылымның рөліне тоқталуы сала­дағы көптеген мәселелердің ше­шілетініне сенім ұялатады. Ғылыми жұмыстардың жүргізілуі және оның тәжірибеде қолдануы маңызды мәселе. Әсіресе қоғам мүшелері үшін тиімділігі көп көріне бермейтін әлеуметтік-гу­ма­нитарлық ғылымдардағы зерт­теулерді қоғамдық құбылыс­тар­­ға сай жүргізуге ерекше мән беруіміз қажет. Білім беру, ғылы­ми мәселелермен қатар меди­ци­налық қызмет сапасы мен қол­же­тімділігін қамтамасыз ету, мә­дениет қызметкерлерін қолдау, әлеуметтік көмек беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілетін болды.

Президент қуатты өңірлер – қуатты ел бағытында төрт мін­детті жүзеге асыруды тапсырды. Жергілікті билік органдары жұ­мы­сының тиімділігін арттыру мақсатында тұрғындар тарапынан жергілікті билік жұмысы­ның тиімділігін бағалау жүйесін ен­гізу қажеттілігіне тоқталды. Әлеу­мет­­тік желілерде, әсіресе фейк-па­рақ­­ша қолданушылар арасында жа­ғымсыз жайттар кеңінен тарап жат­қанын байқаймыз. Бұл шараны жүзеге асыру үшін тәуелсіз сарап­шыларды тартқан жөн. Бірың­ғай тұрғын үй саяса­тын жү­зеге асыру арқылы әлеу­мет­тік тұр­ғыдан әлсіз топтар үшін бас­па­наның қолжетімділігін арттыр­у­дың негізгі қағидаты айқындалды.

Біздің ойымызша, билік пен қоғам арасындағы сындарлы диалог әрдайым халық арасында сұраныста. Жолдауда айтыл­ған қоғамдық диалогтың мақ­­саты биліктің жоғарғы дең­гей­дегі ашықтығы және халық қажет­тіліктерін қанағаттандыруға жедел жауап беру деп ойлаймыз.

Мұрат НАСИМОВ,

Қызылорда «Болашақ» университетінің профессоры.