Парламент • 11 Қазан, 2019

Сенатор Владимир Волков ТМД ПАА отырысына қатысты

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Владимир Волков Санкт-Петербург қаласында ТМД ПАА Құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенатор Владимир Волков ТМД ПАА отырысына қатысты

Отырыста «Міндеттеме құқықтары туралы», «Жарнама туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» (жаңа редакцияда), «Қылмыстан зардап шегушілерге келген зиян орын толтыру туралы» үлгі заң жобалары қаралды.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы 2016-2020 жылдарға арналған үлгі заң шығарудың келешек жоспарын жүзеге асыру қорытындылары тыңдалды.

Ұлттық заңнамаға үлгі заң жобаларының ережелерін енгізу мәселелері талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша аталған үлгі заң жобалары мақұлданып, ТМД ПАА пленарлық отырысында ұсынылатын болады.

Сенатор сол күні депутаттар тобымен бірге Санкт-Петербург қаласындағы Жамбыл Жабаев пен Әлия Молдағұлованың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.