Фотоларды түсірген Ербол ЕРДЕНБЕК
Әлемдік маңызы зор шараны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Витаутас Магнус (Литва, Каунас қ.) университеті және QS Quacquarelli Symonds халықаралық компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.
Ауқымды шараға академиялық қауымдастық көшбасшылары – жоғары оқу орындарының ректорлары, білім, ғылым, өнер, журналистика, бизнес, экономика және денсаулық сақтау саласындағы өкілетті ғалымдар мен сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналды.
Қатысушылар контингентін Қазақстан, Ресей, АҚШ, Литва, Латвия, Ұлыбритания, Жапония, Корея, Түркия, Әзірбайжан, Эстония, Эфиопия, Польша, Украина, Өзбекстан сияқты елдер ұсынады. Конференцияға барған қазақстандық делегация құрамында Қазақстан ЖОО ректорлары (Қазақстан ЖОО ректорлар кеңесінің төрағасы Е. Сыдықов), ғалымдар мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, жалпы саны жүзден астам делегат бар.
Халықаралық жиынға қатысқан спикерлер қатарында: Quacquarelli Symonds британдық консалтинг компаниясының өңірлік директоры Зоя Зайцева, британдық «The Guardian» газетінің редакторы Рейчел Холл, белгілі журналист Стивен Хоар, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Витаутас Магнус университетінің ректоры Юозас Аугутис, Сколков ғылым және технологиялар институтының факультет деканы Клемент Фортин және басқалар бар.
QS in conversation - бұл жоғары білім саласындағы жаһандық міндеттерді талқылауға, әлемдік қауымдастықты нығайтудағы университеттердің рөлін анықтауға, халықаралық жоғары білім беру жүйесіндегі трендтерді талқылауға және т.б. аса қажетті мәселелерге бағытталған әлемдік маңызы зор жиын.
Жиында халықаралық ынтымақтастық арқылы жоғары оқу орындарының танымалдығын арттыру әдістері, БАҚ-пен байланыс жолдары қарастырылды және студенттерді кәсіпкерлік дағдыларын дамыту арқылы жұмысқа орналастыру, креативті ойлау, жеке брендинг, сонымен қатар рейтингтер арқылы бәсекеге қабілетті кеңістікте ЖОО-ның өз сәйкестігінің жетістіктері талқыланды.
Форумның ашылуында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Quacquarelli Symonds британдық консалтинг компаниясының өңірлік директоры Зоя Зайцева, Витаутас Магнус университетінің ректоры Юозас Аугутис, тағы басқалар сөз алды.
ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов атап кеткендей, өтіп жатқан Саммит –қазақстандық университеттер, достас елдің университеттері халықаралық деңгейде өз позициясын сенімді түрде ұстап отырғанына дәлел. Мобильділік, тану, брендинг арқылы танылу. Халықаралық Саммит тақырыбының өзектілігі де, сөз жоқ, жоғары білім беру саласындағы жаһандық бәсекелестіктің өсуімен байланысты.
Демографиялық тұрақтардан шыға отырып, өсіп келе жатқан бәсекелестікті ешкім жоққа шығармайды - бала туудың күрт төмендеуі байқалады. Осыған байланысты талқылауға шығарылған мәселелер ерекше өзектілікке ие.
Бәсекеге қабілетті маман, озық ғылыми білімді дамыту – халықаралық әріптестік пен ынтымақтастықтың басты ұстанымдары.
Витаутас Магнус университетінің ректоры Юозас Аугутис өзекті мәселелердің оң шешім табатынына үміттенеді: «Біз мұнда күш-жігерімізді қалай біріктіріп, болашақта университет үшін заманауи сын-қатерлерді анықтау, мәселені белгілеу және шешім табу үшін жиналдық. Ұлы трансформация кезінде біз бейімделіп, қалай үйрететінімізді және нені үйрететінімізді түсінуіміз керек. Өйткені тек жоғары білімді, сыни ойлайтын тұлға манипуляцияларға қарсы тұра алады», - деді спикер. Сонымен қатар Юозас Аугутис жалпы мәселелерді шешу үшін университеттер серіктестермен, бизнеспен, Үкіметпен, қоғаммен бірігуі керек деп мәлімдеді.
Quacquarelli Symonds британдық консалтинг компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Зоя Зайцева форумның маңыздылығын атап өте келе: «Бұл жерде тек қана теория, презентациялар, баяндамалар ғана емес, ең бастысы, адамдар бірін бірі біледі, кездеседі және тәжірибе алмасады» деді.
Іс-шара Ресей, Қазақстан, АҚШ, Латвия университеттері басшыларының, Литваның білім, ғылым және спорт министрлігі өкілдерінің, танымал журналистер мен редакторлардың, халықаралық білім беру және зерттеу компаниялары өкілдерінің қатысуымен өтуде. Бағдарлама бойынша Виттаутас Магнус, Таллин университеті, Массачусетс технологиялық университеті, Еуразия ұлттық университеті, Орал федералды университеті, Латвия университеті және т.б. ЖОО өкілдерінің баяндамаларынан тұрады.
Кеше басталған Саммит екі күнге созылады. Жиынға қатысушылар «Университет & БАҚ-пен байланыс», «Университеттік брендинг: бәсекелестік кеңістікте өз жолын табу», «Рейтингтер арқылы Брендинг: QS қалай барынша пайдалану керек» және т.б. тақырыптарды талқыламақ.
Конференция соңында «QS EECA University Rankings 2019 - Дамушы Еуропа мен Орталық Азия университеттерінің QS 2019» рейтингісінің нәтижелері жарияланады деп күтілуде.
Сондай-ақ осы шара аясында Ерлан Сыдықовтың төрағалық етуімен Қазақстанның жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің отырысы өтіп, оған литвалық әріптестер қатыспақшы.
Ләйлә Рахманова,
Каунас қаласы, Литва