«Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсы» 2019 жылдың қыркүйек айында ресми түрде өз қызметін бастады. Альянс құрамына әйелдер мен балалар құқықтарының бұзылуы, гендерлік теңсіздік мәселелерін шешумен және әйелдердің саясатта, экономика мен қоғамдық қызметте алға жылжуға мүмкіндік тудырумен айналысатын 20 шақты ұйым кірді.
Бүгінгі жағдайды ескере отырып, Альянс өзіне Қазақстандағы әйел адамдардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатының жақсаруына ықпал етуді көздеп отыр.
Альянс ұсынып отырған Бағдарламада әйелдердің құқықтары мен экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нақты шаралар легі бар:
- Әйел адамдардың шешім қабылдау деңгейін биліктің атқарушы және мемлекеттік құрылымдарында 30%-ға дейін арттыру.
- Әйел адамдарды партиялық тізімге ер адамдармен тең құқылы жағдайда «Зебра» қағидаты бойынша (ер-әйел) ұсыну.
- Облыстық маслихаттарды тең құқылы жағдайда құру (50% – ер адамдар, 50% – әйел адамдар).
- «Ақ квоталарды» қабылдау – Акционерлік қоғамдар туралы Заңда корпоративтік сектордың Директорлар кеңесінде әйел адамдар үшін 20%-ға дейін квоталар тағайындау.
- Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдау.
- Еңбек кемсітушілігін жою, әсіресе 45 жастан асқан әйелдер үшін.
- Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті күшейту.
- «Көп балалы және жалғыз басты ата-аналар» мәртебесін заңнамалық тұрғыда бекіту және олардың еңбек құқықтарын кеңейту.
- Сексуалды сипаттағы қудалау мен алымсақтықты жою («харасментпен» күрес) және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес. Сексуалды алымсақтық туралы заң қабылдау және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыс үшін жауапкершілікті қатаңдату.
- Үкімет құрамында Әйел адамдар, балалар және отбасы мәселелері бойынша Агенттігі арнайы органын құру, және гендерлік саясатты, отбасы саясатын жетік орындау мақсатында, оны әкімшілік, еңбек және қаржылық ресурстарымен қамтамасыз ету.
Қазақстан халқының 9,7 миллионы – әйел адамдар (52%). Олар елдің ЖІӨ құруға елеулі үлес қосып отыр (ЖІӨ-нің шамамен 40%-ы), халықтың репродуктивті дамуын, сондай-ақ ұлттың әл-ауқатын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар елдегі гендерлік саясат жағдайы мәз емес. Гендерлік дамудың жаһандық индексі (ДЭФ) рейтингісінде Қазақстан 2018 жылы «әйел адамдардың саясатқа қатысуы» индексі бойынша 94 орынды иеленді, елімізде облыс және қала әкімдері арасында бірде-бір әйел адам жоқ, Үкімет Министрі –1,Парламент Сенаты – 1.
Қазақстандық әйел адамдардың 15%-ы ер адам өз жұбайына қол көтеруге құқылы деп санаса, ауылдық жерлерде әрбір бесінші әйел адам тұрмыстық зорлық-зомбылықты қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Қазақстанда әлі күнге дейін әйел адамдардың жалақысы ер адамдардың жалақысынан орташа есеппен 30%-ға төмен, әйел адамдардың 57%-ы тұрақты жұмыс істемейді және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе жұмыссыздар санатына жатады. Көбінесе бұл ауылдық жерлердегі әйел адамдар.
Қазақстандық әйел адамдардың экономикалық мәртебесі ер адамдарға қарағанда төменірек. Жұмысбасты әйел адамдардың басым бөлігі (72%) қызмет көрсету саласында жұмыс істейді, қаржылық ресурстар мен технологиялар қолжетімділігінің төмен болуы себебінен, әйел адамдар өз мүмкіндіктерін кеңейте алмай, әлеуметтік кәсіпкерлік аясынан шыға алмауда. Жас қыздар, нақты әлеуметтік лифтілерді көрмей, жиі шетелге кетуді, шетел азаматына тұрмысқа шығуды, немесе ауқатты үйленген ер адаммен болуды жөн көреді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын ендіріп жатқан мемлекетте XXI ғасырда «тоқал» идеологиясы өркендеуде. Сол себепті осы мәселелерді шешу жолында «Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсы» қарқынды жұмыстарды атқарады.
«Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсы» өз қызметінің нәтижесі ретінде қазақстандық қоғамда әйел адамдардың мәртебесі мен әл-ауқатының жоғарлауы деп біледі.