Биыл 9 айда мүгедектігі бар 521 мыңнан астам адам шамамен 235 млрд теңге сомасында әлеуметтік төлемдер, техникалық көмекші құралдар мен арнайы әлеуметтік қызметтер алды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мүгедектігі бар 690 мың адам тұрады. Олардың ішінде еңбекке қабілетті жастағы – 424 мың адам, зейнеткерлік жастағы – 177 мың адам, 18 жасқа дейінгі балалар – 89 мың адам.
2019 жылғы 9 айда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 198,1 млрд теңге бағытталды. Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша алушылар саны 521 мың 153 адамды құрады, жәрдемақының орташа мөлшері – 42 496 теңге. Биыл бұл мақсатқа 265,3 млрд теңге қарастырылған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Артем Әбілдиновтың айтуынша, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс кеңінен жүргізіледі.
«Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап мүгедек балаларды және 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгетектігі бар адамдарды күту бойынша мемлекеттік жәрдемақы көлемі артты. Оның мөлшері
41 578 теңгені құрайды. Бүгінде жәрдемақының бірінші түрін 27 млрд теңге сомасына 84,7 мың адам, екінші түрін 4,3 млрд теңге сомасына 13,5 мың адам алды», деді департамент директоры.
Жұмыс берушілер тарапынан әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған азаматтар еңбекке қабілетін жоғалтқан кезде де Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төлемдер алатынын айта кету керек. 2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша МӘСҚ-дан 84 мың 139 адам 10,2 млрд теңге сомасында жәрдемақы алды. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әлеуметтену деңгейін арттыру мақсатында олар техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етіледі. 2019 жылы бұл мақсатқа мүгедектігі бар 125 530 адам үшін 7,5 млрд теңге қаражат қарастырылған. Жыл басынан бері осы бағыт бойынша 4,8 млрд теңге игерілді.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің бір бағыты – жартылай стационар және үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету. 2019 жылы осы мақсатқа республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге қаражат қарастырылған. Бүгінгі таңда мұндай қызметтер жалпы сомасы 688 млн теңге көлемінде 4 мыңнан астам азаматқа көрсетілді.
2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамада 2025 жылға қарай Қазақстанда әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің интеграцияланған моделін құру көзделген. Артем Әбілдиновтың айтуынша, бұл модель әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алуға бағытталған.
«Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және басқа да салалардың әлеуметтік қызметкерлерінің қызметін үйлестіру тетігі әзірленеді, бұл мұқтаж азаматтарға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», деді А.Әбілдинов. Сонымен қатар ол қазір интеграцияланған модельді енгізу бойынша қанатқақты жоба еліміздің 10 өңірінде (Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары) іске асырылып жатқанын айтты.
Еске сала кетейік, қазанның екінші жексенбісі елімізде мүгедектігі бар адамдар күні болып белгіленген.
Аударыспақ спорты жастарды күштілік пен төзімділікке тәрбиелейді
Спорт • Бүгін, 11:51
Алматы хайуанаттар бағында Алькор есімді ақ аю 30-ға толды
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Асық ойыны балаларды өмірлік тәжірибеге баулиды
Руханият • Бүгін, 10:26
Қ.Тоқаев Фраунхофер институтының бөлім директорымен кездесті
Президент • Бүгін, 09:45
Дарынды оқушыларды қолдаудың Жол картасы: мүмкіндіктер қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:40
Президент Германия бизнесінің өкілдерімен кездесті
Президент • Бүгін, 09:38
Елордада каратеден Әлем чемпионаты басталады
Спорт • Бүгін, 09:15
Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты
Президент • Кеше
Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды
Руханият • Кеше
Жамбыл өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді
Спорт • Кеше
Көктайғақ салдарынан бірқатар республикалық тас жолда жол жабылды
Қазақстан • Кеше
Алматыдағы тәуелсіздік жарияланған ғимаратта жастармен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
«Ел тағдырын айқындаған тәуелсіздік» тақырыбында форум өтті
Қазақстан • Кеше
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасы дабылмен көтерілді
Қазақстан • Кеше
Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі
Руханият • Кеше
Елорда әкімдігі бірқатар инвестициялық жобаны қолдады
Экономика • Кеше
Маңғыстауда жалға берушілермен кездесу өтті
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 630 орындық көпсалалы аурухананың қазығы қағылды
Аймақтар • Кеше
Дариға Назарбаева Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығымен құттықтады
Парламент • Кеше
Маңғыстауда Төтенше жағдайлар департаментінде брифинг өтті
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Маңғыстауда Ассамблея «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді
Руханият • Кеше
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді
Парламент • Кеше
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстан • Кеше
Маңғыстауда полицейлер арасында чемпионат өтті
Аймақтар • Кеше
Оралда жастар бастамаларын қолдау жақсы
Аймақтар • Кеше
МӘМС: Тіркелген тұрғындар үлесі 90 процентке жетті
Қоғам • Кеше
Елордада Әбіш Кекілбайұлының атына көше берілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда бие сүті қосылған майонез шығарыла бастады
Экономика • Кеше
Мәслихаттар депутаттарымен кездесу өтті
Қазақстан • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Linde AG өзара меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Қоныс аударушыларды қолдау қандай?
Қоғам • Кеше
Алматы облысында 9 айда 1700 көлік апаты тіркелді
Қоғам • Кеше
Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты кеңейтеді
Парламент • Кеше
Тәулігіне 15-16 тонна сүт алынады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Берілген тапсырмалар іске асырылғанда ұтымды
Үкімет • Кеше
Бизнесті жандандыратын бастамалар
Парламент • Кеше
Екіжақты іскерлік байланыс нығаяды
Президент • Кеше
Хоккей • Кеше
Футбол • Кеше
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Технология • Кеше
Кино • Кеше
Ұқсас жаңалықтар