Медицина • 01 Қараша, 2019

Е.Біртанов: Қазақстанда бюджеттік ЭКҰ көмегімен 2700 бала өмірге келді

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дәл осы сәттерде Алматыда екі күнге созылатын «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазіргі жағдайы мен болашағы» XI Халықаралық Конгресі өтіп жатыр.

Е.Біртанов: Қазақстанда бюджеттік ЭКҰ көмегімен 2700 бала өмірге келді

Конференцияда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджеттік ЭКҰ бағдарламасы арқасында елімізде 2010-2018 жылдар аралығында 2700 бала дүниеге келгенін мәлімдеді.

Конференция жұмысына 18 елдің алдыңғы қатарлы ғылыми және клиникалық орталықтарының жетекшілері, акушер-гинеколог дәрігерлер, ЭКҰ орталықтарының өкілдері, андрологтар, эндокринологтар, бедеулікті емдейтін мамандар, эмбриологтар, генетиктер мен молекулярлық биологтары қатысып отыр. 

«Соңғы ондаған жылда әлемде бедеуліктің түрлі формаларын емдеуде үлкен тәжірибе жиналды. Қазіргі кезде бар тәсілдердің көбі Қазақстанда ойдағыдай енгізілген. Эндовидеохирургия, диагностикалау мен емдеудің гормоналдық әдістері заманауи деңгейде дамып, қауіпсіздігі және тиімділігі жоғары дәрілік препараттар тіркеліп жатыр. Андрология, медициналық генетика, эмбриология мен молекулярлық биология тез қарқынмен дамып келеді. Бұның бәрі қосалқы репродуктивті технологияларды тәжірибеге белсенді түрде енгізуге жол ашты», – дейді Қазақстан репродуктивтік  медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин.

«Бедеулік - дүниежүзілік мәселе. Бүгінде еліміздегі бедеулік жиілігі орташа алғанда 15 пайызға жетіп, одан азаймай отыр. Олардың басым бөлігі көмекші репродуктивті технологияларға мұқтаж. Осы халықаралық форумда мамандар бедеуліктің дамуына әкелетін аурулардың алдын алу, бедеу некені диагностикалау мен емдеу, әлеуметтік әділеттілік пен халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына қолдау көрсету сияқты мәселелерді талқылап отыр. Жыл сайын Қазақстанда көмекші репродуктивті технологиялардың арқасында 2500 дүниеге келеді. «Жалпы, біздің елде көмекші репродуктивті технологиялардың көмегімен 18200 бала дүниеге келді. Осы жол арқылы бала сүйгісі келетіндер баршылық. Бізде мемлекеттен берілетін квотаға кезекте тұрғандар өте көп. Бізге 8 мың квота қажет. Әзірге жылына 1500 квота алып отырмыз», деді Вячеслав Локшин.

 

 

АЛМАТЫ