Байқауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы шығармаларды еліміздің 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан бір-бір үміткерлер орындап, өз бақтарын сынайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жаңа жыр-термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.
Іс-шараға өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысады.
Жыршы-термешілермен бірге танымал әншілер өнер көрсететін байқау 9 қараша күні Қызылорда қаласы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өтеді.