Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтіп, онда еліміз үшін маңызды бірқатар заң жобалары қабылданды.

Өзара әріптестікті арттыратын құжат
Жоғарғы Палата депутаттары Сенат отырысында Анастасия Щегорцованы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі етіп тағайындады. Бұдан кейін «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
«Бүгінде Украинамен арада қылмыстық қудалау саласында өзара сенім қалыптасқан. Соңғы үш жылда Украина бізге 6 қылмыскерді ұстап берді. Қазір аталған елде жасырынып жүрген 6 адам бар. Оларды қайтару қаралып жатыр. Бұл шарт сол қарым-қатынасты жоғары дәрежеде бекітіп, ынтымақтасудың жалғасы болмақ», деді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.
Оның сөзіне қарағанда, бұл шарт қылмыстық жауапқа тарту және сот үкімін орындау үшін адамдарды ұстап беру мәселесін шешеді. Шарт бойынша жасалған қылмыс үшін екі елде де кемінде бір жылға бас бостандығынан айыру көзделген болса немесе сотталған адамның өтелмеген мерзімі 6 айдан көп болса ол ұстап беріледі. Әрине, адамды беруден бас тарту негіздері де көзделген. Мысалы, бір тарапта қылмыс деп саналатын әрекет екінші жақта олай болмаса немесе қудалау мерзімі өтіп кетсе, сұралып отырған әрекет әскери қылмысқа жатса, ұстап беру егемендікке, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін болса, сондай-ақ Қазақстанның заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелерге қайшы келсе, онда адамды беру-бермеуді әр мемлекет өзі шешеді. «Бүгінде екі ел арасында бұл мәселе Минск конвенциясымен реттелуде. Конвенция екіжақты шарт жасауға тыйым салмайды», – деді М.Ахметжанов.
Сенатор Андрей Лукин өз кезегінде: «Шартты ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттырады. Шарттың негізгі мақсаты – қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе ұстап беруге тура келетін қылмыстар бойынша сот үкімін орындау үшін олардың аумағынан іздеу салынған адамдарды экстрадициялау саласында ынтымақтастықты жүзеге асыру», – деп атап өтті.
Сондай-ақ сенатор Сәрсенбай Еңсегеновтің айтуынша, Шарт егемендікті және теңдікті өзара құрметтеуге негізделе отырып жасалған. Ол қылмыстылыққа қарсы іс-әрекетті жүзеге асырудың тиімді құқықтық негізін қалайды. Дауыс беру нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шарт ратификацияланды.
Кеден заңнамасын бұзу тәуекелдерін азайтады
Отырыс барысында «1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланып, соңында аталған құжат ратификацияланды. Заң жобасын Қаржы министрінің міндетін атқарушы Б.Шолпанқұлов таныстырды. Мемлекеттердің орталық кеден органдарының арасында әрі мемлекеттердің аумақтық кеден органдары арасында тікелей жүзеге асатын тараптардың сұрау салулармен алмасуы құжаттағы жаңалықтардың бірі болып отыр. Бұл кеден заңнамасы талаптарының бұзылуын көрсететін деректерді немесе мән-жайларды анықтау үшін тиімді ынтымақтастыққа ықпал ететін болады.
Хаттама ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасында ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге, жәрдемдесуге әрі өзара көмек көрсетуге бағытталған. «Аталған келісім ТМД мемлекеттері кеден қызметтерінің өзара іс-қимыл тәртібін реттейтін негізгі халықаралық шарт болып саналады. Келісімге қол қойылғаннан бері жиырма жылдан астам уақыт өтті. Осыған байланысты аталған құжат нормаларын тиісті өзгерістер енгізу жолымен жетілдіру қажет. Хаттама кеден саласындағы ТМД нормативтік-құқықтық базасына жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша ТМД елдерімен бірлесіп әзірленді», – деді Б.Шолпанқұлов. Оның айтуынша, мәліметтерді беру, сауалдардың мазмұны, сауалды орындау, алынған ақпаратты пайдалану мәселелеріне қатысты бірқатар негізгі баптарға өзгерістер енгізу ұсынылады. «Заң жобасын қабылдау кедендік шекаралар арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кеден бақылауын қамтамасыз етуге, ТМД елдері кеден органдарының қызметін үйлестіру мен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, кеден заңнамасын бұзу тәуекелдерін барынша азайтуға, сондай-ақ кеден операцияларын жасауды жетілдіруге ықпал етеді.
Талқылау барысында Сенат Төрағасы мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырту жөніндегі бірлескен жоспарды әзірлеу қажеттігіне жауапты мемлекеттік органдардың назарын аударды.
Халық әуре-сарсаңға түспеуі тиіс
Келесі кезекте Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, нәтижесінде аталған құжат қабылданды. Құжаттың негізгі мазмұнын Мәжіліс депутаты Майра Айсина таныстырды. Отырыста белгілі болғандай, заң жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын жетілдіру мақсатында әзірленген. Осы орайда қызметтерді алуды жеңілдету, оның ішінде қызмет алушыға сұрау салынып, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы қызмет көрсетушінің бастамасы бойынша ұсынылатын қызмет көрсетудің проактивті тәсілін енгізу жолымен жеңілдету көзделеді. Заң жобасымен мемлекеттік органдардың жаңа мемлекеттік қызметтерді электронды форматта көрсету жөніндегі құзыреті толықтырылған. Атап айтқанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау кезіндегі мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдері нақтыланды. Сонымен қатар азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу қызметтері оңтайландырылады. М.Айсинаның сөзіне қарағанда, композит нақты өмірлік жағдай туындаған кезде адамның бір өтініш арқылы бірнеше өзара байланысты қызметтерді алуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты, зейнеткерлерге өз зейнетақысын алу үшін әртүрлі мекемелерге барып, әрқайсысы 3-7 және одан да көп құжаттан тұратын үш бөлек құжаттар пакетін дайындау қажеттігіне жол берілмейді. Енді электронды өтініштен кейін жеке кәсіпкерлікті тіркеу бір сағатта іске асырылады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болғызбайды және бизнеске қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осы орайда электронды форматқа көшіру әрі құжаттар тізбесін оңтайландыру көзделген. Нәтижесінде, жеке кәсіпкерлікті тіркеу электронды өтініш берілген кезден бастап қазіргідей бір күн емес, бір сағаттың ішінде жүзеге асырылатын болады.
Сенат басшысы заң жобасын талқылау барысында сыбайлас жемқорлық себептерінің алғашқы ондығы арасында: мамандарда емделу және қабылдауында болу, жұмысқа орналасу, жер учаскесін алу және ресімдеу, баланы балабақшаға орналастыру және тағы басқа мәселелер бар екеніне тоқталып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Абылайхан Оспанов пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» басқарма төрағасы Әсемгүл Балташевадан «Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда? Ұзаққа созылу және мерзімдерге байланысты не болып жатыр? Барлық білім беру мекемелеріндегі ақпараттандыруды жеделдету, онлайн тәртібі мен электронды түрдегідей айқын да ашық болуы үшін не істеу керек?» деп сұрады.
А.Оспанов мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша 500-ге жуық жол картасы бекітілгенін түсіндірді. «Онда сіз жаңа ғана атап өткен мемлекеттік қызметтер бар, олар электронды сипатқа көшкен сияқты көрінеді, дегенмен азаматтар аталған мемлекеттік қызметтерді ала алмауда немесе сыбайлас жемқорлық қауіптері қалып отыр», – деді вице-министр.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің созылуы мен сақталмауына байланысты проблемалар жөніндегі сауалға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов жауап берді. «Қолданыстағы «мемлекеттік қызмет» ұғымына орай мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы тізілімге енгізілуі тиіс 300-ден астам мемлекеттік қызмет тізбесі жасалды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттік органдар мұндай қызметтерді көлеңкеден шығаруға мүдделі емес. 2015 жылдан бастап тізілімге 170 жаңа мемлекеттік қызмет енгізілді, оның ішінде агенттіктің бастамасымен 77 қызмет ұсынылды», – деді ол.
Сенат басшысы цифрландыруды жеделдетуге және сыбайлас жемқорлық пен сөзбұйдаға салуды жою жөнінде шаралар қолдануға шақырды.
Сенаторлар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерді екі оқылымда егжей-тегжейлі талқылағаннан кейін қабылдады.
Отырыс соңында бірқатар сенатордың депутаттық сауалдары жария етілді.
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Білім • Кеше
Аймақтар • Кеше
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Қанағатпен өмір сүретін шенеунік қайда?..
Қоғам • Кеше
Абай ілімін ашу – рухани кемелденуге апарар жол
Абай • Кеше
Экономика • Кеше
Экономика • Кеше
Көпбалалы аналардың қолдаушысына айналған орталық
Аймақтар • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
«Барыс» «Автомобилистен» жеңілді
Спорт • Кеше
«Испания Вуэльтасына» қатысады
Спорт • Кеше
Ұстаз еңбегінің ұлағатын асырған
Білім • Кеше
Ұлттық ойындар – құнды мұрамыз
Ұлттық спорт • Кеше
Кино • Кеше
Теннис • Кеше
Жаңаөзенде мектеп жанында жол апаты болды
Оқиға • Кеше
Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Қазақстанның экспорты 6 айда 56,3% - ға өсті
Экономика • Кеше
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазгидромет биылғы бидай өнімділігіне болжам жасады
Қазақстан • Кеше
Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы СҚО-ға жетті
Медицина • Кеше
Әлихан Смайылов TAV Airports Holding басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Шымкенттік шенеунік жолға бөлінген 747 млн теңгені жымқырған
ANTIKOR • Кеше
Елордада 2 мың орынға арналған мектептер салынады
Білім • Кеше
Ұқсас жаңалықтар