Еліміздің 100 жылдық жылнамасы, бас басылым, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Egemen Qazaqstan» газетінің ғасырлық мерейтойына арналған іс-шаралар топтамасы Ұлттық кітапханадағы ауқымды шарамен жалғасын тапты. Басылым мерейтойының Ұлттық кітапханада өткізілуінің өзіндік себебі бар.

100 жылдық жылнаманың сақталған орны да, тарихының сканерден өткізіліп, цифрлы архивінің жасалған жері де осы қасиетті оқу ордасы. Конференцияға келген қонақтар алдымен «100 жыл – 100 газет» атты арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. 1919 жылы 17 желтоқсанында 20 жастағы Бернияз Күлеевтің өлеңімен басталып жарық көрген «Ұшқын» газетінің 1-номерінен бастап әр жылдардағы «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан», «Егеменді Қазақстан», «Егемен Қазақстан» болып бірнеше рет өзгерген елдің ең басты басылымының әр жылдардағы тігіндісі жұрт назарына ұсынылды.
Жиынға келген қонақтарға алдымен деректі фильм көрсетіліп, онда қызмет істеген қазақтың ірі мемлекет қайраткерлері мен көрнекті тұлғаларының қлы мұраты мен еңбегіне қысқа шолу жасалды. Бұдан кейін Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев сөз алып, мерейтой қуанышына жиылған қауымды еліміздің әрбір азаматына етене таныс, республиканың маңдайалды іргелі басылымы «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерекесімен құттықтады. «Көрмені тамашалап, естігеніміздей, бүгін «Егеменнің» 29 696 нөмірі жарық көріп отыр екен. Құтты болсын! Ғасырлық тарихы бар бұл газетті қолына ұстаған кез келген жан ондағы әрбір ақпараттың шынайылығына, көтерген тақырыбының маңыздылығына кәміл сенеді. Себебі мемлекеттік мүдде мен журналистік мұратты тең ұстайтын басылымның кәсіби деңгейі, ұстанған бағыты ешқашан өзгерген емес. Сондықтан да тарихы терең, таралымы кең басылымға Елбасымыз Н.Назарбаев «Отанымыздың бас газеті» деп лайықты бағасын берсе, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың күнделікті шолу жасайтын газеттерінің арасында аға басылым көш басында тұр. Бір кезеңде Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Мұхтар Әуезов сияқты Алаш арыстары тізгінін ұстаған басылым күні бүгінге дейін өзінің бағыт-бағдарын мемлекект мүддесіне, ел игілігіне арнап келеді. Әлемдік ғалам, саясат пен экономика, әдебиет пен мәдениет, спорт пен туризм айдарлары бойынша тың ақпарат, келелі ой таратқан басылым парақтарында жаңашылдық пен дәстүрлі сабақтастық ұрпақтар жалғастығының ізі сайрап жатыр»,деді қала әкімі.
Бақытжан Әбдірұлы құттықтап қана қоймай, басқа да сый-сияпатын ала келгенін айтып, бірнеше ардагер тілшіні Алғыс хатпен марапаттады. Әкім марапаттаған «егемендіктер» арасында Нұрлан Оразалин, Сарбас Ақтаев, Дархан Қыдырәлі, Аян Нысаналин, Уахап Қыдырхан, Мамадияр Жақып бар.
Жиынға қатысушыларды құттықтаған «Egemen Qazaqstan» газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, бұл тек бір газеттің ғана мерейтойы емес, тұтас қазақ баспасөзінің мерекесі екенін атап өтті. Ол Абайдың кіндік қаны тамған Жидебайдан бастау алған басылым мерейтойының жыл бойы аталып өтіліп, бүгін Алматыда жалғасын тауып, алдағы күндері Нұр-Сұлтан қаласында түйінделгенге дейін өткізілетін әр түрлі мазмұндағы маңызды шаралар легінің ілкі сәт толастамағанын айтты. «Біз бұл күнді «Тағзым күні» деп атадық. «Егеменнің» тағдыры да, тарихы да Алматымен тығыз байланыстты. «Egemen Qazaqstan» 70 жыл бойы Алматыда жарық көрді. Еңбек еткен ардагер тілшілер, газетті шығаруға атсалысқан өмірден өткен байырғы қызметкерлердің ұрпақтары бүгін арамызда отыр. Алматы қаласы әкімдігінің Әбіш Кекілбаев пен Шерхан Мұртазаның рухына да айырықша құрмет көрсетіп, лайықты ұлықтай алғаны үшін алғысымызды білдіреміз», деді Басқарма төрағасы Д.Қуандықұлы. Сондай-ақ Д.Қуандықұлы бірнеше «егемендікті» – Н.Оразалин, С.Ақтаев, М.Жақып, Ө.Айтбайұлы, У.Қыдырхан, А.Нысаналин, Г.Сәдірқызын төсбелгімен марапаттады.
Салттанатты жиын үстінде Ұлттық кітапханамен бірге жүзеге асырылып, сәтті аяқталған ауқымды жоба –100 жылдық жылнаманың цифрлы нұсқасы жинақталған 5 томдықтың тұсаукесер рәсімі де атқарылды. Жаңа кітаптың лентасын Алматы әкімі Б.Сағынтаев, белгілі қаламгерлер Н.Оразалин, Б.Нұржекеұлы, Д.Қыдырәлі қиып, жиынақтың сүйінші данасын Ұлттық кітапхана мен қала әкімдігіне тарту етті.
Алматы қаласы әкімдігінің басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, баспасөз өкілдері мен кітапхана оқырмандары қатысқан жиында дәстүрлі ән өнерінің шеберлері Ерлан Төлеутай, Саят Нұрғазин ән шырқап, М.Әуезов атындағы драма театрының әртісі Жанат Тыныбаев Міржақып Дулатовтың «Елім-ай» өлеңін оқыды. Жиынға қатысқандардың баршасы ұлтқа тұтқа болған ұлағатты басылымның 1000 жасаған шаһармен бірге ұзақ жасай беруіне тілек қосып, көңіл хошын білдіріп тарқасты.
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар