Аймақтар • 30 Қараша, 2019

Алакөлдік 13 «Бақытты отбасы» баспаналы болды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрғындарды баспанамен қамтуға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы өз жемісін бере бастады. Әсіресе, аймақтағы үйге мұқтаж жандар үшін бұл шара сәтті мүмкіндік жолына айналды.

Алакөлдік 13 «Бақытты отбасы» баспаналы болды

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімерекесіне орай Алматы облысының Алакөл ауданының бір топ тұрғыны осы бағдарлама арқасында баспанаға қол жеткізді. Яғни, Алакөл ауданында 13 отбасы бір күнде жаңа пәтердің кілтін алып, қоныс тойын тойлады. Бұл үйлер «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне берілді.

- Мемлекет басшысы мен облыс, аудан әкіміне көптеген отбасына тұрғын үй мәселесін шешуге көмектескендері үшін алғыс айтамыз. Жаңа баспаналы болуды армандаған барша отбасы көп ұзамай қоныс тойын тойласын, - дейді жаңа қоныс иесі, «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушы К.Мәулетхан.

Айтпақшы,«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі берілген тамыз айынан бері, жұрттың сенімі нығайып, төменгі процентпен үй алуға ынталылар қатары облыс аумағында күрт өсті. Оның ішінде бағдарлама шарапатын көргендердің қатары жыл соңына дейін еселеп көбеймекші. Алакөл ауданында баспаналы болған 19 отбасы соған дәлел.

Сондай-ақ, өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік  бағдарламасы аясында да тұрғын үймен қамту жолға қойылған. Былтыр осы бағдарлама бойынша барлығы 80 тұрғын үйдің кілттері кезекте тұрған азаматтарға берілсе, жыл соңында бұл шара тағы жалғасын таппақ.