Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2019

Басылымды мерейтойымен құттықтады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразия Жазушылар одағының басшысы Якуп Өмероғлы «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтау хатын жіберді.

Басылымды мерейтойымен құттықтады

Халықаралық ұйымның төрағасы қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Egemen Qazaqstan»газетін құрылғанына 100 жыл толуымен Еуразия Жазушылар одағының атынан құттықтайтынын айтып, жылы лебіздерін жолдаған.

«Еуразия құрлығымен әдеби және мәдени байланыс орнатқан жазушылар құрылымының басшысы ретінде бір ғасырлық тарихында өзіндікжолын қалыптастырған, заман көшіне сай ілесіп келетін басылымның жаңалықтарынан хабардармын. Басылымның негізгі оқырмандарықазақстандықтар болса да, дизайны, хабарлары арқылы әлем басылымдары арасында Қазақстан журналистикасының айнасы іспеттес. Сіз басқарып отырған газет бірнеше ғасырлық баспа тарихы бар елдердің газеттерінен кем түспейтін басылымға айналды.

Түркі әлемінің көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың 7 қыры» сияқты мақалалары мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Үкіметіне қатысты нақты әрі мазмұнды хабарларды газеттен оқи алу мүмкіндігі қуантады. Сонымен қатар «Egemen Qazaqstan» газетінде Түркі әлемі әдебиеті мен мәдениетінің жауһарларының көрініс табуы біз үшін мәртебе.

Жас әрі жігерлі газет ұжымын 100 жылдық мерейтойымен құттықтай отыра, басылым тарихына еңбегі сіңгендерге ұзақ өмір, дүниеден өткен ардагерлерге рахым тілеймін» делінген құттықтау хатында.