Әлем • 03 Желтоқсан, 2019

Еуропа кеңесінің жаңа басшысы анықталды

257 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен жұмада Брюссельде Еуропа кеңесінің төрағасы ауыс­ты. Бұдан былай бельгиялық Шарль Мишель кеңестің жиынын басқарып, халықаралық аренада ұйым атынан сөз сөйлейтін болады.

Еуропа кеңесінің жаңа басшысы анықталды

43 жастағы Шарль Мишель – Еуропа кеңесі тарихындағы ең жас басшы. Оның әкесі де белгілі саясаткер. Луи Мишель Бельгияның Сыртқы істер м­и­нистрі қызметін атқарған, соны­мен қатар Еуропа кеңесінің да­му және гуманитарлық көмек мә­се­­лелері бойынша комиссары болған. 

Мишель әкесі сияқты Бель­­­гия­ның «Реформаторлар қоз­ғалысы» либералдар партиясынан. Бұған дейін атал­ған партияның төрағасы, Бель­гия­ның Премьер-Министрі қызметтерін атқарған.

Дональд Тусктің орнына келген жаңа басшы «Еуропаның «жасыл» экономика саласында үздік болғанын қалай­мын. Сонымен бірге аймақта жұ­мыссыздық мәсе­лесі шешімін тауып, инновациялар мен өмір сүру сапасы деңгейінің жо­ғары болуы үшін жұмыс істей­мін. Біз одаққа мүше мемлекеттер мен азаматтарымыз үшін қыз­мет етуі­міз керек. Оған жету үшін ақы­лымыз бен талантымызды, тәжі­ри­бе­мізді қолдануымыз шарт», деді.

Белгілі журналист Виллам ван Муллем Мишельдің жақсы дипломат екенін, Бельгия ішкі саясатында өзін жақсы көрсете алғанын айтады. «Ол шиеленісті жақсы шеше алатын саясаткер», дейді журналист. Бұл сөздің анық-қанығы міндетіне келген алғашқы айда-ақ анықталмақ. Өйткені желтоқсанда Еуропа кеңесінің жұ­мысы қыза түспек. Желтоқсан саммитімен қатар Ұлыбританияда парламент сайлауы өтеді. Ал сайлаудан кейін Ұлыбританияның Еуропа одағында қалып не одақ­тан шығуы белгілі болады. Қан­дай шешім қабылданбасын, одақ­тағы 27 мемлекеттің бірлігі Шарль Мишельдің мойнында.  

Еуропа кеңесінің төрағасы – Еуропа одағындағы ең жоғарғы лауа­зымдардың бірі. Төраға Еуропа кеңесінің барлық жиынын бас­қа­рып, халықаралық аренада одақ­тың атынан сөз сөй­лейді. 2009 жыл­ға дейін Кеңес басшылығы қыз­метін Кеңес­ке төрағалық ететін мем­лекет­тің президенті атқарған. Яғни, жарты жыл сайын жаңа мем­­ле­кет, сәйкесінше жаңа басшы та­ға­йындалып отырған. 2009 жыл­дан бастап басшысын таң­дау дәс­түр­ге енгізілді. Ал Шар­ль Ми­шель 2,5 жылға тағайын­далып отыр.

Жаңа басшының саяси көз­қарасына тоқталатын бол­сақ, оның христиандық демо­крат, оң­шыл­­дықты жақтай­ты­ны ту­ралы ақпарат бар. Еуропа ко­мис­сиясының басшысы Ур­сула фон дер Ляйен де бұл бағыт­ты ұс­танатыны белгілі. Ақ­па­рат құралдары Шарль Ми­шель­дің Фран­ция президенті Э.Ма­крон­мен тез тіл табысып кеткенін жазуда.

1 желтоқсан тек Мишель үшін емес, Еуропа комиссиясының бірқатар қызметкері үшін де ал­ғашқы жұмыс күні болмақ. Өйткені Урсула фон дер Ляйен бас­қарған комиссия жаңа мү­шелері­мен толықты. Жаңа құ­рам 5 жылға бекітілді. Биылғы құрамға Ұлы­британия үміткер ұсынбады. Олар бұл әрекетін елдегі жалпы сайлаулармен түсіндірді.