Тарих • 05 Желтоқсан, 2019

Ғылым Патшайымы­ның ғибраты

619 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматыда Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология институтында әлемге әйгілі академик, Орталық Азия мен Қазақстан әйелдері арасынан шыққан алғашқы геолог ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері Патшайым Тәжібаеваның 100 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде өте сәтті өтті. Екі күнге созылған шара қалың қауымға ой салған тағылымымен ерекшеленді.

Ғылым Патшайымы­ның ғибраты

Айтулы тұлғаның алыс-жа­қын шетелдерден келген әріп­тес­те­рі мен шәкірт­тері: Әзербайжан Ұлттық Ғы­лым Акаде­миясының прези­ден­ті, геология және геофизика инсти­тутының директоры Акиф Ализаде, Ресей Ғылым Ака­де­мия­­сының академигі Виктор Клип­­ко, Тәжікстаннан келген акаде­­мик Ботыржан Абдуллаев, Ново­­сібірлік ғұлама Александра Левигева, уфалық профессор Сабир Мұстафин және басқалар Патшайым Тәжібайқызының Қазақстандағы литология ғылы­мы­ның негізін қалағанын, Жез­қаз­ған, Батыс Қазақстан, Құм­көл, тағы басқа өлкелердегі жер асты бай­лы­ғын ел игілігіне жара­­ту­ға аянбай атсалысқанын, ҚР Жоғарғы Кеңе­­сінің депутаты, Вице-спикер мін­дет­­терін мінсіз атқарып, өзінің аса үлкен беделін ел өміріне қа­тыс­­ты проблемаларды шешуге арна­­­ғанын, сол мақсатпен КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы А.Косыгиннің қабылдауында бол­ғанын, ол қабылдаудың Қа­зақ­­с­­танның ғана емес, геология ғы­лымының дамуына қуатты сер­пін бергенін асқан ризашы­лық­пен еске алды...

Мерейтойдың бірінші бөлі­мі – салтанатты мәжілісте сөйле­ген ҚР Ұлттық инженерлік акаде­мия­сының вице-президенті Надир Надиров, көрнекті мемле­кет қайраткері, ғалымның досы Бижа­мал Рамазанова, Түркістан облысы Төле би ауданындағы Патша­йым Тәжібаева атындағы №3 мектептің директоры Қали­ма Ижанова, ғалымның қызы, ака­­демик, Әл-Фараби атын­да­ғы Қа­зақ ұлттық универ­си­те­­ті­н­ің оқы­тушысы, Құрметті кафедра меңгерушісі Құралай Аққошқарова, Шымкент қала­сы­н­дағы «Айғақ» теле­арна­сының бас директоры, Түркістан облыстық мәслиха­ты­ның депутаты Дулат Әбіш, жазушы ҚР Мемлекеттік сыйлы­ғының лауреаты Сәбит Доса­нов, Қазығұрт ауданындағы Патша­йым Тәжібаева атындағы мек­теп­­тің оқу ісінің меңгерушісі Алтыншаш Қанылиева, Алматы қала­­сының әкімі Бақытжан Са­ғын­­­таев­тың құттықтау хатын тап­сыр­­ған әкімнің кеңесшісі Данияр Әлиев, Алматы қаласы Бостан­дық ауданы ардагерлер кеңе­сінің төрағасы Хамит Біржа­нов, т.б. Патшайым Тәжібаеваның ғылымдағы ерлігі мен ерен қай­рат­кер­лігі жайлы ой толғап, оның жан дүниесінің кіршіксіз тазалығын, асқан адамгершілігі жайлы тебірене сыр шертті. Ақын Мыңбай Рәш Пат­ша­йым Тәжібаева жайлы өлеңін шабыттана оқығанда халық дүркірете қол соқты. Әйгілі күйші, ком­по­зитор Шәміл Әбілтаев кешті әнмен көмкерді.

Ұлы ғалымға зор ілтипат, ыстық ықыласпен әрі ырымдап балаларының атын берген ата-аналар да көп. Солардың бірі – студент Патшайым Батыр­бе­ко­ва­ның терең сезіммен тебірене айт­қан қысқа да нұсқа сөзі көптің көңілінен шықты.

Мерейтойдың екінші бөлі­мін­де әйгі­лі ғалым жайлы «Ее имя – Патшайым» – «Патшайым десе Патшайым» атты қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген кітаптың тұсауы кесілді. Бұл Пат­­шайым Тәжібаева жайлы бұ­дан бұрын жарық көрген екі кі­тап­­тың жалғасы. Мұнда ға­лым жайлы әсерлі, мазмұнды есте­лік­тер топтасқан.

Мерейтойдың үшінші бөлімі – «Аса көрнекті ғалым Патшайым Тәжібаева­ның Қазақстандағы гео­логия ғылымына қосқан үлесі» тақы­ры­бындағы халықаралық ғылы­ми конференцияда шетелдік және қазақстандық ғалымдар геология ғылымының жетістіктері мен проблемалары жайлы ойларымен бөлісті.

Бұл әдеттегі мерейтойлардың бірі емес, айтары анық, бояуы қанық, тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор, аса әсерлі кеш болды.