Қазақстандағы балалар үйлері түлектеріне қолдау көрсету жайы тек бүгін ғана көтеріліп отырған жоқ. Қауымдастықтың президенті Рафаэль Гасанов жұмыстың жаңа әдістерін тиімді пайдалана отырып, балалар үйіне байланысты қолданыстағы іс-қимыл алгоритмін түбірінен өзгертпейінше, қоғамдастық жұмысын алға жылжытудың мүмкін еместігін атап өтті.
Аймақтық Білім басқармасы өңірлер қауымдастықтарымен бірігіп балалар үйлері түлектерінің әлеуметтік ортаға енуіне шығармашылықпен және жауапкершілікпен қарауы тиіс, бұл іске қоғамдық ұйымдар, білім орталықтары, бизнес қауымдастықтар да кеңінен тартылуы керек. Сонымен қатар өңірлердегі жергілікті атқару органдары әлеуметтік-экономикалық мәселені шешу үшін балалар үйлері түлектерінің жалдамалы пәтерлер алуына ықпал етуі қажет.
«Қауымдастықтың барлық бастамалары құндылықтар биігінен іске асып отыр, біз мұны басты бағдар етіп алдық. Бұл әділдік, сенім және адамгершілік» дейді Рафаэль Гасанов.
Айта кетерлігі, қиын жағдайға душар болған Қазақстанның балалар үйлері түлектері үшін «Аяла» қанатқақты жобасы қолға алынды, оның барысында арнайы жұмыс орындары құрылып, заңгерлер мен психологтардың көмегі ұйымдастырылады. Р.Гасановтың айтуынша, түлектердің әлеуметтік ортаға батыл енуі үшін барынша ұтымды әрі пайдалы әдістерді қолдауы қажет.
Олар орталық әлеуметтік қызметтің сегіз түрін ұсынады: әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік еңбекпен қамту, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени көмектер. Бұлардың барлығы балалар үйлері түлектеріне заңнамалық, психологиялық кеңестер арқылы көрсетілетін болады. Қызмет түрлері әр түлекке жеке немесе сырттай және №150 сенім телефоны арқылы ұсынылады, топтық кеңестер, ағарту семинарлары, тренингтер, әңгімелесу және басқа да әдістер арқылы көрсетіледі.
2019 жылы Қауымдастық 1289 өтініш тіркеді, ол өтініштердің 689-ы тікелей баспана-пәтерге қатысты жазылған. Өтініштердің үштен бірі жұмысқа орналастыруды, ЖОО оқу үшін мемлекеттік грант бөлуді, енді бірі қаржылық көмек көрсетуді сұрайды.
Рафаэль Гасанов өз сөзінде Алматы қаласының қолжетімді баспана бағдарламасын жүзеге асыруда көшбасшы екенін атап өтті. Осы бағдарлама аясында Алматы қаласының әкімдігі балалар үйлерінің түлектеріне 61 пәтердің кілтін табыс еткен, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш есе көп. Қазіргі кезде «Жастар үйі» КМБ әлеуметтік мекемелердің 190 түлегі тұрып жатыр, олардың ішінде: «Жастар үйінде» - 80 түлек, бес қабатты «Жастар үйінде» – 110 түлек тұрып жатыр.
«Қазақстанның балалар үйлері түлектерінің конституциялық құқықтарының бұзылуы кез келген күрделі жағдайға ұрындыруы мүмкін, сондықтан оның алдын алу өте маңызды», – деп қортындылады сөзін Рафаэль Гасанов.
АЛМАТЫ