1919 жылы Заурал бөлiмiнiң эмиссары болды. Өлең жазумен ертеден айналысқан. “Ұшқынның” бiрiншi саны Бернияз Күлеевтiң “Ұшқынға” деген өлеңiмен ашылды. Осы кезде оның Есенбаев, Сафиевтермен бiрге газетiмiзге басшылық жасаған тұсы.
1920 жылдан өмiрiнiң ақырына дейiн қазақ АССР Халық Ағарту комиссариатының кiтаптарды бастырушы өкiлi ретiнде Қазан қаласында жұмыс iстедi.
Б.Күлеевтiң “Қыздың мiнәжаты” (1914), “Қызықты жаз” (1916), “Қазақ қызы” (1916), “Түн” (1917), “Бостандық күнiнде” (1917),“Әйелдер сөзi” (1917) өлең-толғаулары бар. “Қайда екен” (1922), “Жорық” (1922) атты поэмаларында қазақ елi бастан кешкен әлеуметтiк мәселелердi толғады.
Б.Күлеев – сыршыл лирик ақын. Ол орыс ақындарының да бiрқатар шығармасын қазақ тiлiне тәржiмалады. Таңдамалы шығармалары “Айтшы, ақ қайың” деген атпен 1969 жылы Алматыда басылды.