Осыған байланысты болар ең қатты кристалл – гауһар – жақын күндері 25 жылдығын атап өтетін Еуразиялық банктің ашықтығы мен сенімділігінің нышанына айналды. Бастапқыда Еуразиялық өнеркәсіп тобының кәсіпорындарына қызмет көрсету үшін құрылған банк уақыт өте келе әмбебап қаржы институтына дейін өсіп, 2000 жылдан бастап Қазақстанның ірі он банктерінің қатарына тұрақтанды.
Директорлар кеңесінің төрағасы және Еуразиялық банктің негізін қалаушыларының бірі Александр Машкевич қаржы институтының 25 жылдық қызметінің нәтижелеріне жоғары баға берді. Осы жылдар ішінде банк ел экономикасына кредит түрінде 4,8 трлн теңге бағыттады, оның ішіндегі 3,5 трлн теңгесі экономиканың түрлі салаларындағы мыңнан астам жобаны қаржыландыруға жұмсалды. Мұның бәрі тауарлар мен қызметтерге, жұмыс орындары мен жалақыларға, кәсіпорындар мен инфрақұрылым объектілеріне айналды.
Осы уақыт аралығында банк салықтар мен алымдар түрінде республикалық бюджетке 72,5 млрд теңгеден астам қаржы аударды, ал бұл он үш мектеп, сегіз балабақша және үш емхана құрылысына жұмсалатын шығыстарға тең қаржы. Бұл ретте Eurasian Resources Group бүкіл қаржы-өнеркәсіптік тобының ұлттық экономикаға қосқан үлесі ІЖӨ-нің 4%-ына тең – қазақстандық медицинаға немесе білім беруге арналған жиынтық шығыстар шамамен осыны құрайды.
Республикаға тұрақты нарықтық экономиканы құруға көмектесіп, еуразиялық активтерді 935 есеге – 1,070 трлн теңгеге дейін ұлғайтты, кредит портфелін 450 есеге – 647 млрд теңгеге дейін өсірді және капиталды 27 есеге – 102,2 млрд теңгеге дейін арттырды. Бірнеше жыл бұрын банк бөлшек бизнестің дамуына назар аудара отырып, бизнес-модельге түзетулер енгізді. Егер 2017 жылға дейін портфельдегі және банк пайдасындағы корпоративтік бизнестің үлесі 70%-дан асса, қазір жағдай керісінше. Қазақстанның банктік секторы қиын кезеңді басынан кешіріп жатқанда, Еуразиялық банктің құрған бизнес-моделі бөлшек бизнестің әртүрлі сараланымындағы жетекші позициясында болуына мүмкіндік береді: Еуразиялық банк 55% нарықтық үлесімен автокредит беруде көш алдында. POS-кредит беруде және тұтынушылық қарыздар беруде – банк үшінші орында тұр және тиісінше нарықтың 22% және 9% ие.
Дағдарыстың теріс әсерін еңсеруге ұмтыла отырып, Еуразиялық банк Ұлттық банктің бастамасы бойынша іске асырылатын Қазақстанның банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына бірінші болып кірді. Бағдарлама шеңберінде банкті оның акционерлері мен мемлекет есебінен қайта капиталдандыру көзделген. 2017 жылдың қазан айында Банк реттелген облигациялар шығару арқылы 150 млрд теңге мемлекеттік қаражат тартты және ақшаны 15 жыл ішінде қайтаруы тиіс. Өз кезегінде, Еуразиялық банктің акционерлері оны 2022 жылға дейін 75 млрд теңгеге бірлесіп капиталдандыруға міндеттенді, айта кететіні 23,2 млрд теңге қаржы институтының капиталына түсіп үлгерді. 2019 жылдың қыркүйегінде акционерлер Банктің 2018 жылдың барлық бөлінбеген пайдасын, яғни 11 млрд теңгеден астамын резервтік капиталға жіберді. Осылайша акционерлер клиенттер, серіктестер және мемлекет алдындағы барлық жауапкершілікті түсіне отырып, капиталдандыру бойынша өз міндеттемелерін орындауда.
Бұдан басқа, бағдарлама шеңберінде банк өзіне несие портфелін сауықтыру бойынша міндеттемелерді алды және 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жұмыс істемейтін қарыздардың деңгейін төмендету бойынша банктер арасында көшбасшы үштікте, NPL көрсеткіші 8,6% құрады.
Биыл тамыз айынан бастап Ұлттық банк бастамашылық жасаған AQR жобасы аясында халықаралық аудиторлар Еуразиялық банкті қосқанда 14 қазақстандық банк активтерінің сапасы мен қаржылық тұрақтылығын объективті түрде бағалау жүргізуде. Тексеру қорытындысы бойынша Еуразиялық банк басшылығы кәсіпорындар мен халықты одан әрі сауықтыру, кредит беруді арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
Банк басқармасының төрағасы Валентина Морозовтың айтуынша, Еуразиялық банктің бұдан былайғы стратегиясы инновациялар мен цифрландыру есебінен бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға бағытталған.
Цифрлы технологиялар қазір стратегиялық таңдау емес, «гигиеналық рәсім». Банктердегі өзгерістер кезеңі күн өткен сайын жылдамырақ болып барады. Қазіргі уақытта біз өнімді икемді әзірлеу (Agile) моделі бойынша жұмысты қайта құрудамыз, өнімдерді нарыққа шығару жылдамдығын айтарлықтай қысқарту, олардың сапасы мен пайдаланушылардың қанағаттануын жақсарту үшін бірнеше команда құрдық. Тиімді шешімдерді басқа банктерге қарағанда жылдам және сапалы ұсыну үшін біз өз клиенттеріміздің қажеттіліктерін түсінуге тырысамыз.
Мысалы, бизнеске кредит беруде скоринг моделі есебінен – банк заңды тұлғаларды ең аз құжаттар топтамасымен 30 минут ішінде қаржыландыру бойынша шешім қабылдайды. Осындай тәсіл кредит беруде де қолданылады: қазақстандық автосалондардың көпшілігінде Еуразиялық банктің шамамен 200 сату нүктесі жұмыс істейді. Бұл да Қазақстанда әрбір екінші автокредитті банктің беруіне мүмкіндік береді.
Еуразиялық банкке қатысты әлеуметтік сауалнамада қазақстандықтар кредит берудің тиімді талаптарын, тартымды өнімдердің, мысалы бөліп төлеу, сондай-ақ ниеттестіктің ең қызықты бонустық жүйесін атап өтті. Шынында да, банктің ең бәсекеге қабілетті және бірегей өнімдерінің бірі PayDA картасы болды, ол әртүрлі тауарларды мыңдаған компаниялар бар серіктестер желісінде ғана емес, бөліп төлеп сатып алуға мүмкіндік береді.
Қазақстандық бизнеспен жұмыс істеу барысында банк экономиканың нақты секторындағы жобаларды қолдауға баса назар аударуды жалғастыруда, Клиенттік база 25 мыңға жуық қазақстандық компаниядан тұрады, оның ішінде 300 ірі кәсіпорын, түрлі өнеркәсіп салалары бар. Eurasian Resources Group қазақстандық экономиканың флагманы – басты корпоративтік клиент. Бұл өнеркәсіптік-индустриялық топ Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенінің үштен бір бөлігін құрайды және «Қазхром», ССКӨБ, «Қазақстан алюминийі», ЕЭК, «Қазақстан электролиз зауыты», «Шұбаркөл көмір» және «ТрансКом» сияқты кәсіпорындарды қамтиды. Дегенмен жоғарыдағымен салыстырғанда кішігірім, жалпылай алғанда ірі саналатын компаниялар еуразиялық компаниялармен жұмыс істеуді жөн көрді – 7,3 мыңнан астам ұйым өз қызметкерлеріне Еуразиялық банк картасымен жалақы төлейді.
Клиенттердің мүдделері мен ыңғайлылығы банкке өз инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салу қажеттігін талап етеді. Бүгінгі таңда банктің ауқымды сату желісі бар, оған елдің барлық қаласы мен ірі елді мекеніндегі 17 филиал мен 126 бөлімше кіреді, онда 467 банкомат, 437 терминал және 3,5 мың POS-терминал жұмыс істейді.
25 жыл ішінде Қазақстанның банк секторы айтарлықтай өзгерді. Алайда жаһандық дағдарыстар мен нарықтың басты ойыншыларының ауысуы аясында Еуразиялық банк банктердің алғашқы ондығында берік позицияны, мықты беделі мен клиенттердің сенімін сақтай алды. «Біз үшін банктің жиырма бес жылдығы – банк бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктерді бағалау, алға жылжу үшін мақсаттарды белгілеу үшін жақсы себеп, – деп қорытындылайды Александр Машкевич. – Әу бастан-ақ Еуразиялық банктің қызмет етуінің негізіне өз елінің «лайықты және пайдалы корпоративтік азаматы» болу – жоғары этикалық стандарты қаланған болатын. Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы жыл сайын өсіп отыруы үшін бұл маңызды жұмыс міндетті түрде жалғасатын болады».
Әнуар АХМЕТОВ