Қоғам • 19 Желтоқсан, 2019

Жасыл даму – ғылыми-техникалық кеңесті күшейтпек

250 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы қыркүйек айында БҰҰ климаттық сам­ми­тінде сөйлеген сө­зін­де қоршаған орта жағ­да­йы­ның құлдырауы әлемді тұ­рақ­­сыздандыратын фак­тор­­лардың бірі екенін айтып өтті. Табиғатқа техногенді түрде әсер ету мен Орталық Азия­дағы климаттың өзгеруі аса күрделі экзистенциалдық тұр­ғыдағы проблемаларға, атап айтқанда шөлейттену, мұз­дық­тардың еруі және суармалы су мен ауыз су ресурстарының сарқылуына әкеліп соқпақ.

Жасыл даму – ғылыми-техникалық кеңесті күшейтпек

­29 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығында (IGTIC) Ғылыми-тех­ни­ка­лық кеңестің бірінші отырысы өтті. IGTIC басқарма төрағасы Рамазан Жампиисов кеңес жұмысын аша отырып, орталықтың басты мақсаты – жасыл технологияларды ілгері дамыту мен экономика бәсекелестігі және тұрғындардың өмір сапасын арттыру мен қоршаған ортаға деген кері әсерді азайту үшін бизнеске қолдау көрсету екенін жеткізді. Бұл бағыттардың барлығында ғылымның, ғылыми-технологиялық дамудың және экс­перт­тік қорытынды жүргізудің рөлі аса маңызды.

Сондай-ақ ҒТК-ның ұйымдас­ты­­рушылық құрылымы мен құра­мы бекі­тілді. Кеңесті танымал ға­лым, Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов бас­қарды. Төрағаның «Қал­дықтарды бас­қару», «Тұрақты энер­гия ресурс­та­ры», «Тұрақты қала», «Тұ­рақ­ты ауыл шаруашылығы», «Эко­ло­гия, қоршаған ортаны қорғау» ба­ғыт­­тары бо­йынша орынбасарлары болып Глеб Щегельский, Темірхан Досмұхамбетов, Ұзақбай Қарабалин, Шынболат Байқұлов, Айдар Таты­ғұ­лов, Рапиль Жошыбаев тағайын­дал­ды.

«Жасыл ҒТК-ны құрудың алғы­шар­ты ретінде жасыл технологияларды ілгері жылжытудың заңнамалық-құқықтық негізі пайда болды. Бұл жаңа Экологиялық кодекстің жобасына ену керек. Жасыл технологиялардың бекі­тілген тізімі жоқ болғандықтан, сәй­­кесінше оны қолдану бойынша ста­тистикалық ақпараттар да жоқ. Мем­лекет жаңа (экология) минис­тр­­лік арқылы «жасыл» технология­лар­­ды енгізу мен қолдану кезінде бизнес үшін экономикалық ынта мен қолдауды бекітуге ниетті», деп түсіндірді ҒТК IGTIC пен ғылыми-тех­­нологиялық кеңсесінің жетекшісі Гүлбазар Медиева.

Бүгінде IGTIC-те жасыл технологиялар саласына қарасты 300 жобадан тұ­ра­тын жүйе жинақталып қалды. Сол себепті жасыл экономикаға қатысты мәселелерді шешу үшін эксперттік және ғылыми қоғамның қолдауы аса маңызды.

«Қазақстан алғашқылардың бірі болып жасыл экономикаға көшу тұ­жы­рымдамасын қабылдады. 2013 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен стра­тегиялық құжатта алғаш рет эко­ло­гия­лық проблемаларды эко­но­ми­­каның экологизациясы, заңнама мен қоғам арқылы шешудің әдістері кел­тірілген болатын. Сол себепті, тұ­рақ­ты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қоршаған орта жағдайының нашарлауы салдарынан болатын эко­номикалық өсімге қатысты мәсе­ле­ні түпкілікті шешу қажет. Бұл тұр­ғыда, мемлекеттердің жаңа тех­но­ло­гиялар мен білімге деген қолже­ті­мді­лігін кеңейту керек», деді Бақытжан Жұмағұлов.

Отырыс соңында қатысушылар ҒТК құрылу мәселесін талқылап, пікір алмасты. Оған қоса, олар кеңес­тің мақсат-міндеттерін анық­та­ды. Атал­ған кеңес кешенді баға­лау, ака­демиялық сараптама мен экс­перт­тік сүйемелдеу, эксперттік қо­ры­­­тындыларды дайындау, ұсы­ныс­тар­ды өңдеу және тағы да басқа іс-ша­ра­лар­ды жүзеге асырады.

«ҒТК әрекетті әрі пайдалы алаң боларына сенеміз. Кеңес құрамына Үкімет пен жоғары лауазымды адам­дар­ға бірден шыға алатын тұл­ға­лар енді. Эксперттік қоғам не істеу керегі мен қандай мәселелер бары және оны шешу жолдарын жақсы біледі. Кеңестің екі міндеті болу керек: проблемаларды анықтап шешім қабылдау, екіншісі – барынша тиімді жобаларды таңдап, іске қосу оларды өмірге қосу», деді Ғылыми-тех­ни­ка­лық кеңестің мүшесі, инновациялар мен баламалы энергетика бойынша халықаралық маман Владимир Ким.

 

Анна ШОЛГИНА