Экология • 24 Желтоқсан, 2019

Ел экологиясын қорғау – Отанды қорғау

722 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Биыл 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұ­рақ­­тылығы мен өркендеуінің кепілі» атты Жолдауын жария­­лады. Бұл – елдің одан әрі дамуын айқындайтын басты құжат. Ел Президентінің осы бағдарламалық Жолдауы күллі мем­лекеттік органдардың және жалпы ел азаматтарының қыз­ме­ті мен бағдарын анық бағамдаудың негізгі алғышарты. Осы Жолдауда жақын аралықта елдің үдемелі дамуының не­гіз­гі бағыттары ғана анықталып қоймай, қоғамның одан әрі тұ­рақ­ты дамуына, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуіне және қазақстандықтардың өмір сүру сапасына байла­ныс­ты нақты тапсырмалар берілді. Осы тапсырмаларды елдік мүдде, мемлекеттік өрлеу тұрғысынан түсініп, оның атқа­рылуын, нақты жұмыстар жасалуын қадағалау біздің мін­де­тіміз.

Ел экологиясын қорғау – Отанды қорғау

Қазақстанның экологиялық жағдайы қоғам назарын аударып отырған басты мәселелердің бірі. Өзіміз өмір сүріп отырған қор­ша­ған ортаның тазалығы мен сау­лығы баршамызды алаң­да­та­тыны анық. Ұлы даланың көр­кіне айналған жануарлар дүние­сінің де жыл сайын сиреп бара жатқаны жасырын емес. Мем­лекет басшысы Жолдауында ұлт­тық байлығымыз – табиғатты сақ­таудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Тиісті заңнаманы қатаң­дату жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Оған себеп те жеткілікті. Қа­зіргі уақытта браконьерлік ұйым­дас­қан қылмыс түріне айналды. Экологиялық заңнаманы өрескел бұзу фактілері жиі қай­та­­ланып отырғаны жасырын емес. Биылғы «Охотзоопром» мем­лекеттік меке­месі инспек­тор­­ларының өлімі және Шығыс Қа­зақ­стан облы­сы­нд­ағы Марқа­көл көліндегі браконь­ер­лер­дің қылмыстық әрекеті соның дәле­лі.

Қазақ халқы ежелден таби­ғат­пен етене өскен халық. Таби­ғат­пен жарас­­тық­та өмір сүріп, бір тал шөп пен бір шыбықты да себепсіз жұл­май­тын ел. Ұр­пақ тәрбиесінде де «Көк шөпті жұл­саң көктей соласың», «Құс­тың ұясын бұзба» деп үйрет­кен. Ерте­гі­ле­рін­де қанағатсыз аңшы­лардың ақыры жаман бо­ла­ты­нын үнемі ескертіп отыр­ған. «Қоңыр аңның киесі ұрса өмі­рі­міз қатерге ұшырайды» деген тү­сі­нікті ұрпақ санасына бала ке­­зі­нен берік орнықтыратын бол­­ған. Ұлттың осы дәстүрлі эко­­­ло­гиялық тәрбиесін қайта жаң­­­ғырту керек-ақ. Бұл – әрине, ел болып ойласатын маңызды мә­се­ле. Егер, балаларымызға тұл­­­ғалық болмысы қалыптаса бас­­таған кезінен осындай таным­ды сіңірсек, табиғатқа осыншама қатыгездік жасауға дәті бармас па еді деген ой жиі маза­лай­ды. Дегенмен мемлекеттің заң аясында атқаратын тиісті жұ­мы­сы да қарқынды жасалуы керек. Экология, геология және таби­ғи ре­сурстар министрлігі осы ба­ғыт­­та жұмыс жүргізуде.

Қолданыстағы экологиялық заң­намаларды қайтадан қарап, олқы тұстарын пысықтау, Прези­де­нт тапсырмасына сәйкес, жа­заны қа­тай­ту бағытында «Қа­зақ­стан Респуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заңнамалық актілеріне агро­­өнер­кәсіптік кешенді реттеу мәсе­­ле­­ле­рі бойынша өзгерістер мен толық­­тырулар енгізу туралы» Заңға өзге­ріс­тер енгізілді. Бұл өз­ге­рістің негізгі прин­циптері аза­мат­тардың табиғат пен қор­ша­­ған ортаға келтірген зиян­да­рына жауапкершілік пен жазаны күшейту арқылы заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш кесу, т.б. қылмыс көлемін азайту, таби­ғаттағы тіршілік түрлерін сақ­тау­дың маңыздылығын түсіндіру болмақ. Қылмыстық кодекске орман, балық шаруашылығы, жан­уарлар дүниесіне келтірілген залал үшін мал-мүліктерін тәр­кі­леу, бас бостандығынан айыру мерзімін ұзарту, қылмыстық сара­лау белгілерін кеңейту, айып­­пұл көлемін айтарлықтай ұл­­ғайту сияқты өзгерістер ен­гі­­зілді. Мысалы, ақбөкен дери­ват­тары мен бекіре балық түр­­лерінің заңсыз айналымы үшін жаза бұрын 5 жыл бас бос­тандығынан айыру болса, қазір­гі заңда оны 12 жылға дейін ұзар­т­у көзделген.

Сонымен қатар, биыл 5 желтоқ­санда Парламент Сена­тының қарауына кірген «Қазақ­стан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне қыл­мыс­тық және қылмыстық іс жүр­гізу заңнамасын жетілдіру мәсе­ле­ле­рі бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында да ел экология­сын қорғау, табиғат дүниесін сақ­тау мақсатында көптеген баптар қа­рас­­тырылған.

Жоғарыда атап өткеніміздей, ұлан бай­тақ жеріміз бен суы­мыз­дың та­би­ғатын қорғау, оны келер ұрпаққа аман-есен тапсыру біздің де ұлт алдындағы борышымыз болмақ. Осыны ескере отырып, біз заңсыз аң аулау мен балық аулау­ды қылмыстық құқық бұ­зу­­шылық санатынан қылмыс сана­тына ауыстыруды көздеп отыр­мыз. Бұған дейін заңсыз аңшы­лар мен балықшылар 40 тәулікке дейін қамау жазасымен құтылып жүрсе, енді 3 жыл бас бостандығынан айыру жаза­сына кесілмек. Биылғы инспек­торлардың қылмыскерлер қолы­нан қаза табуы – қоғамда үлкен шу тудырып, азаматтардың алаң­­дау­шылығын оятты. Таби­ғат қорғаушылары инспек­тор­лардың қауіпсіздігі үшін инспек­тор­­лардың немесе олардың жа­­қын­дарының қызметтік мін­дет­­терін орындауына байланыс­ты өміріне қол сұғушылық үшін, қызметтік міндеттерін орын­да­ғаны үшін кек алу үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бос­тандығынан айыру жазасы белгі­ленді.

Сонымен қатар мемлекеттік инс­пек­торлардың қызметтік авто­кө­лік құрал­да­рын арнайы көлік құралдарының санатына дауыс зо­райтқыш құрылғы, арнайы сиг­налдары сары жарқылдауық маяктар және жасыл жолақты түсті гра­фикалық схемалар қоюды жат­қы­за­мыз.

Сондай-ақ ел Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы №670 қаулы­сы­мен бекітілген ережелермен рег­ла­менттелетін арнайы құралдар мен қыз­мет­тік қаруды қолдану тәртібін қайта қараймыз.

Инспекция қызметкерлерінің білік­­тілігін арттыру да маңыз­ды мәсе­ле­лердің бірі. Инспек­тор­лар­дың кәсі­би­лігі мен жоғары деңгейі олардың қыз­метін мінсіз атқаруына ғана емес, беде­ліне де тікелей әсер ететін фактор. Министрлік бұл тарапта да тиісті жұмыстар жүргізуде. Биыл тамыз айында Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелері тарапынан «Охотзоопром» мемлекеттік мекемесінің инспекторлары үшін құқық бұзушыларды ұстау не­­гіз­дері бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізіл­ді. Аз уақыт ішінде 135 инс­пек­тор оқытылды.

Министрліктің 2019-2020 жыл­дар­ға арналған сыбайлас жем­қорлыққа қарсы жоспары қабыл­данды, онда мемлекеттік қыз­мет­терді автоматтандыру және жетілдіру, мемлекеттік ба­қы­л­ау мен қадағалау жөніндегі іс-ша­ра­лар нақтыланған; азамат­тар­дың өтініштерін сапалы қарау және басқалары. Осы жыл­дың қыркүйегінде Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігімен бірге «Адалдық алаңы» жобасының Жарғысын мақұл­дап, 11 қарашасында агенттік басшылығының қатысуымен «Адалдық алаңы» жобасының тұсау­ке­сері өтті. Қазір «Адалдық алаңы» жобасы аясында қоғам сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау про­це­сіне белсенді қатысуда. Жобалық алаң­да министрліктің, аумақтық ор­­га­н­дардың және ведом­с­тв­о­лық бағы­ныс­тағы ұйым­дар­дың қыз­меті туралы ақпарат жи­нақ­талады, халықпен кез­десулер ұйымдастырылып, жаңа «ашық алаң» форматында қабылдаулар өткі­зі­леді. Алынған мәліметтер талданады, фактілерді растау арқы­лы нақты адам­дар­ға шаралар қолданылады.

Сонымен қатар азаматтардың пікір­лері мен сұрақтарына орай, Қазақстан Республикасы Эколо­гия, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылған жарты жылға жетпейтін уа­қыт ішінде көптеген жұмыс атқар­ды. Біз жоғарыда термелеп өткен мәселелер министрлік жұмы­сының бір парасы ғана. Туған отанның бай табиғатын қорғау, жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін сақтау, ұлттық байлығымызға айналған Ұлы да­ла­ның экологиясын таза ұстап, дамыған мемлекет құру бар­ша­мыздың игі мұратымыз екені даусыз. Сондықтан барша­мыз, әсіресе Экология, геология және табиғи ресурстар минис­тр­лі­гінің қызметкерлері елімізге қажы­май қызмет етеді. Бұл біздің Отан алдындағы және ұрпақ алдын­да­ғы абыройлы борышымыз.

 

Сәбит НҰРЛЫБАЙ,

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы