Парламент • 14 Қаңтар, 2020

Сенатор Серік Жақсыбеков елордалық мәслихатта болды

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков Парламент Сенатының Төрағасы Д.Н.Назарбаеваның Сенат тұрақты комитеттерінің мәслихаттар жанындағы салалық комиссиялармен өзара іс-қимылын өрістету туралы тапсырмасы және депутаттардың аймақтарға шығуы аясында Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенатор Серік Жақсыбеков елордалық мәслихатта болды

С.Жақсыбеков әңгіме барысында өзара іс-қимыл қалыптастырудағы ең басты идея – кері байланыс екенін атап өтті және Сенаттың заңнамалық қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзгерістерге қатысты заң жобасын қарау барысындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ осы заң жобасы бойынша келісу рәсімдері мен денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер бойынша заң жобаларының ережелері мен педагогтардың мәртебесі туралы айтып, олардың негізгі міндеттері мен маңызы туралы әңгімеледі. С.Жақсыбеков сонымен қатар қабылданған заңдардың іске асуын қадағалаудағы қиындықтарды айтты.

Сенатор мәслихат депутаттарымен бюджетті қалыптастыру процесін реформалау мәселесін талқылады және бюджет заңнамасын өзгерту жөнінде Үкіметте бірқатар түзетулер әзірленгенін атап өтті.

Ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру мәселелері талқыланды.

С.Жақсыбеков кездесудің қорытындысы бойынша өзара іс-қимыл және «Мәслихаттар» веб-порталы арқылы уағдаластық жайында айтты. Сенатта жақын арада қаралатын заң жобалары туралы айта келіп, оларды қарауға комиссия мүшелерінің қатысуын ұсынды. Сондай-ақ мәслихат депутаттары жеңіл өнеркәсіп бойынша биылғы бірінші тоқсанға жоспарланған парламенттік тыңдауларға қатысуға шақырылды.

А.Күрішбаев осы кездесу мен өзара іс-қимылға шақырғаны үшін депутат С.Жақсыбековке алғысын жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлаудың жоқтығы, бюджетті игерілуіндегі, атқарушы биліктің жүйелік проблемаларды шеше алмай отырғанына және еліміздегі басқа да проблемалық мәселелерге алаңдаушылық білдірді.