Президенттің кадрлық резерві бағдарламасының мәні ерекше. Бұл бастама жастарға да, мемлекетке де қолайлы. Өйткені мемлекеттік қызметке келген жастар, жаңа буын жүйеге қандай да бір жаңалық енгізетіні белгілі.

Әсіресе жеке сектор тұрғысынан алғанда тың серпін бермек. Мәселен кадрлық резервке енген жастардың 30 пайызға жуығы жеке секторда, халықаралық компанияларда жұмыс істеген немесе әлі күнге дейін сонда жұмыс істейді. Алда-жалда олар мемлекеттік қызметке келіп жатса, тәжірибесі мен біліктілігін еліміздің ертеңіне жұмсап, халқымыздың болашағы жолында тер төкпек.
Ал жастарға келсек, бағдарламаның оларға да пайдалы екені анық. Яғни біз жеке идеяларымызды ұсынып, тәжірибемізбен бөлісуге зор мүмкіндік алдық. Сондай-ақ бастаманы «әлеуметтік лифт» ретінде де қарастыруға болады. Жоғары лауазымға жету үшін мемлекеттік қызметте еңбек өтілі қажет. Ал кадрлық резерв арқылы бірден басқарушылық лауазымға тағайындалуға жағдай жасалған. Осы арқылы салаға қандай да бір өзгеріс енгізуге мүмкіндік туады. Бұл резервке енген жастардың алдағы жұмыс мансабына оң ықпал ететіні анық.
Президенттің кадрлық резервіне сынақ барысы алты кезеңнен тұрды. Оның төртеуі онлайн режімде жүргізілді. Екеуінде сарапшылармен бетпе-бет кездесіп, әңгімелестік. Бұл – бұрын-соңды болмаған тәжірибе деп ойлаймын. Өйткені Мемлекеттік басқару академиясы, сондай-ақ Talantiz, SHL деген дүниежүзіне мәлім компаниялардың жинаған әдістемесін пайдаланып, осындай объективті түрде бағалау өте тиімді болғаны анық. Сынақ кезінде мен үшін SHL тарапынан әзірленген сұрақтар оңайға соққан жоқ. Өйткені оларға мұқият әзірлену қажет. Сонымен қатар бір минут ішінде сұраққа жауап беру де жеңіл тапсырма емес. Алайда осындай қиындыққа қарамастан, бәрін сәтті тапсырып шықтым.
Өткен аптада резервке енген жастар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Аталған жиыннан көп нәрсе түйіп шықтым. Мәселен Президентіміз «Бүгінгі жас буынның, соның ішінде сіздер де билікке келетін уақыт алыс емес. Сіздер мемлекетті басқару тізгінін алуға дайын болып, тиісті білім мен білікті меңгерулеріңіз қажет. Жастарымыз ел дамуының жаңа тарихи кезеңіне дайын болуы керек. Білім мен білік өршілдіктен биік тұруы тиіс. Жаңару үдерісі – ішкі саясаттағы басым бағыттардың бірі. Кадр резервін жасақтау жұмыстары мұнымен тоқтап қалмайды, жалғаса береді. Оның қатарына ынталы және лайықты жастар кіреді. Алдағы кезеңде ХХІ ғасырдың табысты мемлекетін құруға дайын кәсіпкерлердің, ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің, инноваторлардың және басқа да талантты жастардың жаңа буынына белсенді қолдау көрсетеміз. Түрлі салаға жауапкершілікті алудан, қалыптан тыс және тиімді шешімдер қабылдаудан қорықпайтын жаңа формациядағы басқарушылар тобы қажет», деді.
Мемлекет басшысының сөзінен түйгенім, Президенттің кадрлық резерві жобасы бір реттік қана жоба емес. Жалпы бүкіл саяси жүйені, мемлекеттік қызметті өзгертетін жобалардың легі ғана. Ондай өзгерістер әлі де болады. Бұл – өзгерістердің басы ғана. Сондықтан осындай өзгерістердің болғанын, реформалар жасауды қолдаймын. Өйткені резервке енген жастардың әрқайсы өз салаларында қандай да бір идеялар мен өзгерістер енгізуге септігін тигізеді.
Жалпы, замандастарыма айтатын кеңесім бар. Осындай «әлеуметтік лифті» саналатын жобалардың саны жылдан-жылға артып келеді. Яғни жастарда қазіргі заманда өте көп мүмкіндік бар. Соларды жіберіп алмауға кеңес беремін. Кез келген жобаға қатысып, өз күшіңізді сынағыңыз келсе, біліктілігіңіз бен біліміңізді байқап көруді көздесеңіз, жобаларға міндетті түрде қатысу керек. Мұндай қадам сізге жақсы әсер тигізетіні анық. Тіпті іріктеуден өте алмасаңыз да, көкжиегіңіз кеңейеді.
Мемлекет басшысы жастармен кездесуінде «Абайдың «Толық адам» тұжырымы өміріміздің кез келген саласында, мемлекетті басқару мен білім жүйесінде, бизнес пен отбасы институттарында негізгі тұғырға айналуы керек. Мұның бәрі интеллектуалды ұлт қалыптастыру үшін қажет. Абайды өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы деуге болады. Біз елдік мүддеге қатысты әрбір ісімізде ұлы ақынның еңбектеріне жүгінуіміз керек. Бұл – жаңғыру жолындағы аса маңызды қадам. Халқымыз, әсіресе, жас буын Абайдың сара жолын жалғауға баса мән беруі тиіс» деп атап көрсетті. Ендеше, адам капиталын дамытуға арналған осындай мүмкіндіктердің жасалғаны өте маңызды әрі жақсы үрдіс.
Олжас СӘКЕНОВ,
Президенттік жастар кадр резерві мүшесі, BTS Education компаниясының консультанты
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ш.Қалдаяқовтың өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтеді
Театр • Бүгін, 11:54
Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты
Әлем • Бүгін, 11:53
«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланады
Қоғам • Бүгін, 11:51
Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай ұсталады?
Қаржы • Бүгін, 11:39
Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейірім керек
Медицина • Бүгін, 11:32
Шымкентке биыл 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 11:25
«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:21
Алматыда мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:19
СҚО ПД бастығы халықпен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Бейбіт Атамқұлов қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен кездесті
Экономика • Бүгін, 11:11
Банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:04
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Елімізде сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:57
Парламентаризм институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:39
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
Президент • Бүгін, 10:36
Сирек кездеседі, бірақ жалғыз емес: Орфандық аурулар туралы не білеміз?
Медицина • Бүгін, 10:32
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс депутаттары тауар белгілері туралы халықаралық келісімді қарайды
Парламент • Бүгін, 10:21
Ана мен баланы әлеуметтік қолдауға қанша қаражат бағытталды?
Қоғам • Бүгін, 10:17
Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:58
Алматыда Крылов атындағы балалар кітапханасы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 09:56
Қытайға бару үшін виза беру мүмкіндіктері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 09:41
Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:34
Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан
Білім • Бүгін, 09:30
Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Ахметжан Есімов БАӘ-нің әл-ауқат қорының басшылығымен кездесті
Экономика • Бүгін, 09:23
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Коронавирусқа тағы 51 адам шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Қазақстан-Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 09:17
ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды
Білім • Бүгін, 09:16
«Өрлеуде» инклюзивті білімге арналған курс ұйымдастырылды
Білім • Бүгін, 09:12
Астана мен Ақмола облысындағы оқушылар қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:08
Тоғызқұмалақ турнирі қаһарманға арналды
Аймақтар • Бүгін, 08:43
COVID-19: Сыры қашан ашылар?..
Коронавирус • Бүгін, 08:35
Медицина • Бүгін, 08:34
Оқу үдерісін қазақшалауға қосқан үлесі зор
Білім • Бүгін, 08:32
Жақсылық жасасаң, ауылыңа жаса
Медицина • Бүгін, 08:31
Ұқсас жаңалықтар