Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020

Ақтауда жаңадан таэквондо спорт клубы есігін ашты

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда салтанатты түрде жаңадан «Taifun» спорт клубының ашылуы өтті. Шараға Маңғыстау облыстық Taekwondo GTF федерациясының президенті, қара белбеу мен 4 дан иегері Сәттіғұл Әбітов, жас жауынгерлердің ата-аналары және спорт жанашырлары қатысты.

Ақтауда жаңадан таэквондо спорт клубы есігін ашты

Қажетті спорттық құрал-саймандар жабдықталған залдың ашылуын ақтаулықтар көптен күткен болатын. Ендігі жерде тәжірибелі бапкерлер балалар мен ересектерге таэквондоның қыр-сырын үйретуге дайын. Алғашқы болып сөз алған «Taifun» спорт клубының жетекшісі Бүркіт Исакұлы, спорт зал қажеттілердің барлығымен қамтылғанын және осындай үйірмелерден әлемді мойындатар спортшылар шығатынына күмән келтірмейтінін жеткізді. 

Бүгінгі шараға белсенді қатысуға келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Болашақта осы зал кәсіпқой спортшылар шығатын орынға айналады деп сенемін. Жалпы елімізде таэквондо қарқынды дамып келе жатыр. Біздің спорт залда 250 бала жаттығатын болады,- дейді бапкер Бүркіт Исакұлы. 

Шараға келген ата-аналар клу тәрбиеленушілеріне сенім артатындарын білдірді.

- «Өрлеу», «Taifun» және «Dragon» спорт клубтарында жаттығатын балғын таэквондошылар халықаралық турнирлер, ел біріншіліктері және әлем чемпионаттарда жүлдегер атанып жүр. Ең бастысы олардың бойында жеңіске деген жігері бары қуантады. Өздерінің спорттық шеберліктерін шыңдап, өзара тәжірибе алмасып, алда өтетін жарыстарға дайындықты бастап кетті. Келер айдың 16 жұлдызында қалалық ашық турнир өткізу жоспарланып отыр. Ендеше жас таэквондошыларға атой салып, өңірдің намысын әлемдік ареналадарда абыроймен қорғауына тілек білдіреміз,- дейді ата-аналар атынан Маңғыстау облыстық Taekwondo GTF федерациясы жанындағы ата-аналар комитетінің мүшесі Нұрбол Қонжар.

 

 

Маңғыстау облысы