Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

Ақтауда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медиа-мектеп ашылады

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ұлттық дельфий комитетінің ұйымдастыруымен елордада өткен «Батыр бол» әлеуметтік жобасының Маңғыстау облысы бойынша жетекшісі Кенжегүл Тайғара мәлімдеді.

Ақтауда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медиа-мектеп ашылады

Ұлттық Дельфий Комитетінің Қазақстандағы АҚШ елшілігінің шағын грантын іске асыру аясында  қолға алынған «Батыр бол» әлеуметтік жобасының іріктеуіне өңірден 51 бала қатысып, оның 8-і республикаға жолдама алған. Жобаның мақсаты - бүкіл Қазақстандағы ерекше қажеттілікке ие жастарды оқыту арқылы әлеуметтік жарнама өндірушілердің аймақтық желісін дамыту. 10 күн бойы мүмкіндігі шектеулі балалар, болашақ медияшылар әлеуметтік жарнаманы жасау мен оны ғаламтор желісінде таратудың қыр-сырын меңгеруді үйреніп, ерекше әсермен оралды. 

-«Жалпы жобаға Петропавл, Атырау, Ақтау қалаларынан жастар қатысты. Ұйымдастырушылар әр облыстан келген балаларды топ-топқа бөліп, достық қарым-қатынаста жұмыс жасауға үйретті. Қатысушылар мүмкіндігі шектеулі екендеріне қарамастан, тың идеяларымен, видео-блог түсіруде таңдалған тақырыптары ерекше тәнті етті. Қуана айта кететін жәйт, республика бойынша алғаш рет Ақтауда осы мүмкіндігі шектеулі балаларды дамытып, ары қарай жігерлендіру мақсатында медиа-мектеп ашылу жоспарлануда» деді Кенжегүл Тайғара.

Сабақтан бөлек, қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласында мәдени орталықтарды аралап, өздері үлгі  тұтатын журналистермен танысып, пікір алмасқан. Ерекше әсермен оралған олар жобадан алған тың ақпараттарын даму жолында пайдаланбақ.