Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

2020 жылы Жаңаөзенде 4725 жұмыс орны құрылады

426 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық макрокөрсеткіштерінің оң динамикасы қамтамасыз етілген. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының әкімі М.Ибағаровтың есеп беруінде айтылды, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2020 жылы Жаңаөзенде 4725 жұмыс орны құрылады

«ӨзенМұнайГаз» мекемесі барлығы 5 579,1 мың тонна шикі мұнай өндірген. (2018ж.–5480,4 мың тонна), өткен жылмен салыстырғанда 98,7 мың тоннаға немесе 1,8%-ға өсті. Сондай-ақ 708,7 млн текше метрге газ өндірілді (2018ж.–629,3млн текше метр), былтырғы жылмен салыстырғанда 79,4 млн текше метр артық өндірілді. Қазіргі таңда Жаңаөзен халқының саны 153,7  мың адам. Оның 81,4 мыңы қалада болса, ауыл халқы– 72,3 мыңды құрайды.

Жаңаөзен қаласы бойынша ең өзекті мәселелердің бірі – жұмыссыздық. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 11 060 адам хабарласып, олардың 6541-і жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде 4596 адам тұрақты жұмысқа, 1443 адам қоғамдық жұмыстарға , 230 адам әлеуметтік жұмыс орындарына 272 адам жастар тәжірибесіне бойынша. Бұл өткен жылға қарағанда 1169 орынға көбейген. Ал 2020 жылы 4725 жұмыс орны құрылады жоспарланып отыр.

-Сонымен қатар «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты есебінен «Өзенинвест» МКК-да штат бірлігін ұлғайту арқылы қосымша 350 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық есебінде тұрған азаматтар жұмыспен қамтылды. Олардың қызметінің негізгі бағыты - қаланы абаттандыру, спорт, балалар ойын алаңдары мен саябақтарын абаттандыру мен күтіп ұстау, деді Мақсат Ибағаров.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 144 адам жолданып , соның 115 адамы оқуларын аяқтап, 78 адам тұрақты жұмысқа орналасты.  Сондай-ақ «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша 680 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, сертификаттарын алды. 150 адам қайтарымсыз грантқа ие болып, 17 адамға несие берілді. «Нұр-капитал» бағдарламасы аясында 1,4 млрд.теңгені құрайтын 70 жоба мақұлданып, 608 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Соның ішінде 860,0 млн.теңгені құрайтын 39 жоба қаржыландырылып, 9 жоба іске асырылмақ.