Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Жаңаөзенде 50 орындық дәрігерлік орталық жыл соңында пайдалануға беріледі

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есеп беру жиынында қала басшысы Мақсат Ибағаров денсаулық саласы бойынша да сөз қозғады.

Жаңаөзенде 50 орындық дәрігерлік орталық жыл соңында пайдалануға беріледі

Жақында қалалық көпбейінді аурухананың жанынан «кардио орталық» ашылып, 15 адамға коронография операциясы жасалған. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына Траст» АҚ қолдауымен 3 реанимобиль автокөлік және «Алға» мүгедектер клубына спортпен айналысуға арналған құрал-жабдықтар қамтамасыз етілген.  Бұндай оң өзгеріс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Мәселен, 50 кереуеттік стационары бар медициналық орталықтың құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.  Ал Қызылсай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы 2020 жылы басталады. Тұрғындар тарапынан қоғамдық көлік, Рахат ауылына кіреберіс көшесінің асфальт жолына күрделі жөндеу, эндокринолог, невропатолог сынды дәрігерлер жетіспеушілігі, шағын аудандарға балалар ойын алаңшаларын салу сынды мәселелер қозғалды. 

Жиын соңында облыс әкімі сөз алып, Мақсат Ибағаровқа бір қатар тапсырмалар берді. Атап айтсақ, жұмыссыздықты азайту, шағын және орта кәсіпкерлерді дамыту, қала ішіндегі кәсіпкерлік бағытқа ыңғайланған жерлерді аукционға шығару.

Сонымен қатар денсаулық саласындағы маман тапшылығын реттеу, жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерді жаңарту, ауыз су мәселесін шешуді тапсырды.