Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Ақтауда нефрологтарға арналған конференция өтті

147 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Конференция Қазақстан Республикасында нефрологиялық қызметті жетілдіру мақсатындағы 2019-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» аясындағы іс-шараларды орындау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл ретте Алматы қаласындағы «Қазақстанның нефрологтары, диализ дәрігерлері мен трансплантологтарф қоғамы» РҚБ жетекшісі, профессор, медицина ғылымдарының кандидаты, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы АҚ бөлім басшысы Салтанат Тұғанбекова арнайы келді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда нефрологтарға арналған конференция өтті

Шара кезінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша арнайы баяндама енгізілді. Конференция жұмысына Ақтау қаласы емханалары мен аудандық емханалардың жалпы тәжірибелі дәрігерлер, терапевт, нефролог мамандар қатысты.

Еліміз бойынша нефрология және бүйрек алмастыру терапиясы, яғни диализ және  трансплантология қарқынды даму алып келеді. Қазіргі таңда бүйрек шамасыздығының созылмалы түрімен ауыратын науқастар саны жалпы әлем бойынша, оның ішінде Қазақстанда да жылдан жылға арта түсуде. Оған әкелетін себептер әртүрлі – қант диабеті 30 %, гломерулярлық бүйрек аурулары 25 %, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, оның ішінде емге көнбейтін артериалды гипертензия ауруы 25 %, дәнекер терісінің аурулары, бүйрек тас ауруы сияқты аурулар тобы 25 % құрайды.

Сондай-ақ гемодиализ емшарасы сапасының жақсаруына байланысты науқастардың өмір сүру сапасының артуы, көрсетілімдер бойынша ауруды анықтау деңгейінің артуы тағы бар. Қазіргі таңда амбулаторлық деңгейде нефрологиялық науқастарды диспансерлік есепке алу, бақылау, стационарлық деңгейде емдеу көрсетілімдері, жүргізу стандарттары, амбулаторлық және жедел гемодиализ жұмыстарын жүргізу көрсетілімдері, стандарттары, перитонеалды гемодиализ, бүйрек трансплантациясын өткенрегр науқастарды жүргізу, диспансерлік қадағалау стандарттары көрсетілген.

Бүгінде облысымызда 223 науқас тұрақты бағдарламалы гемодиализ емін алады. Науқастар өз таңдауы бойынша емделетін клиниканы өздері таңдау құқына ие. Айта кету керек, аталған науқастардың ішінде 130 науқас бүйрек трансплантациясына жарамды болып табылады. Сонымен қатар 46 науқасқа бүйрек трансплантациясы жасақталып, тұрақты түрде иммунносупрекссивті препараттармен қамтылған. Аталған 46 ішінде 27 науқасқа бүйрек трансплантациясы еліміздің Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы клиникаларда жасалған. 55 науқас СБЖ 2-4 сатысымен зардап шегеді, диспансерлік есепте тұрғандар саны 20, гломерулярлық бүйрек ауруы бойынша есепте тұр.

Аталған сала бойынша дәріс оқыған Салтанат Кеңесқызы, дәрігерлер тарапынан қойылған барлық сұрақта тұшымды жауаптар қайтарып, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың сәуір айында Түркияның Сапандж шаһарында ғылыми-практикалық оқыту конференциясына өтетіндігін және оған еліміздің әр өңірінен дәрігерлер қатысатындығы туралы хабарлады. Төрт күнге жалғасатын шарада АҚШ, Еуропа, Ресей, Түркия мен Қазақстанның ғалымдары, профессорлары және  сала мамандары бүйрек мен трансплантология тақырыбын терең зерттеп, өзара тәжірибе алмасатын болады. Аталмыш конференция жұмысына маңғыстаулық дәрігерлердің де қатысуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар