Аймақтар • 31 Қаңтар, 2020

Денсаулық елшілері салауатты өмірді қолдайды

900 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы қалада «Денсаулық Фестивалі» спорттық мерекесін өткізуді дәстүрге айналдырған. Аталмыш шараны өткізудегі негізгі мақсат - қарапайым тұрғындарды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын ұстану, аурудың алдын алудың негізі салауаттылық екендігін түсіндіру.

Денсаулық елшілері салауатты өмірді қолдайды

Жыл өткен сайын бұқаралық спортпен айналысушылардың саны артып келеді. Соңғы жылдары облыста бірқатар спорттық кешендер мен спорттық алаңдар пайдалануға берілуде, яғни салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында көптеген жұмыстар жүзеге асырылып келеді.

Осындай мазмұнды спорттық мәдени-көпшілік шаралары  төл мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға оң ықпалын тигізіп қоймай, келешек ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге көмектеседі.

Халықтың салауатты өмір салты мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі білімі мен хабардарлығын арттыра беру міндет. Халық арасында спорттың бұқаралық сипат алуына және спортты насихаттауға ерекше ден қою қажет. Өскелең ұрпақ - біздің ертеңгі болашағымыз болғандықтан, олардың спорттық білімдерін арттырып қана қоймай, осындай акцияларды көптеп ұйымдастыру жастардың салауатты өмір салтын дұрыс ұстануына септігін тигізуі сөзсіз.

Осы бағытта облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану бойынша ақпарат беріп отырады.

Фестиваль аясында «Өз денсаулығыңызды күтіңіз, аурулардың алдын алу, скринигтік тексеруден өтіңіз!», «Салауатты отбасын құрамыз!» және т.б. тақырыптарындағы ақпараттық-көрнекілік материалдары таратылып, халықтың ақпараттылығы мен өздерінің денсаулықтарына жауапкершіліктері арттырылды.

-Облыс бойынша тағайындалған 5 «Спорт елшісінің» біреуі болғандықтан аймағымызда өткізілген спорттық-көпшілік іс-шараларға атсалысып келемін. Биылғы жыл елімізде «Еріктілер жылы» деп жарияланды және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өз жолдауында еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті.

Ерікті дегеніміз не? Ол қоғамға өз еркімен көмек беру. Бізде көбінесе еріктілерде жастар буыны өте көп. Олар қол ұшын беруді әр түрлі форматта көрсетіп жүр. Ал Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Халық денсаулығы – ел дамуының ажырамас, құрамдас бөлігі» деген болатын. Сондықтан, денім сау болсын десеңіз, спортпен шұғылданыңыздар, дейді ол.

«Маңғыстау облыстық ерекше тұлғалардың дене шынықтыру және спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жарылгас Маңдайлы Ыстыбайқызы.