Аймақтар • 04 Ақпан, 2020

Қазақстан Қарулы Күштерінде тактикалық оқу-жаттығулар өтті

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы, Қапшағай, Талдықорған, Сарыөзек және Жаркент гарнизондарында десанттық-шабуылдаушы, шабуылдаушы, парашюттік-десанттық, танкілік және барлау роталарының қатысуымен тактикалық оқу жаттығулар өтті. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Қарулы Күштерінде тактикалық оқу-жаттығулар өтті

Оқу-жаттығулар жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес шынайы ұрыс барысына барынша ұқсас жағдайларда ұйымдастырылды. Жаттығу барлық бөлімдердің бір уақытта жоғары жауынгерлік даярлық жағдайына келтіріліп, әскери техникамен марш жасаудан басталды. Жеке құрам белгіленген аймаққа жету үшін 300 км-ден астам арақашықтықты өтіп шықты.

Оқу-жаттығу орнында әскери қызметшілер түрлі арақашықтықтағы нысаналардың көзін жою, қол гранатасын ату, әуе нысаналары бойынша түнде көру құрылғыларын қолдана отыра атыс жүргізу элементтерін орындады.

Тактикалық оқу-жаттығулар жеке құрамның далалық машықтылығы мен бөлімшелердің үйлесімділігін арттыру мақсатында өткізілді.

Десанттық-шабуылдаушы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, полковник Болат Дүйсембаевтың айтуы бойынша, командирлер мен жеке құрам штаттық қарулардың барлық түрінен атыс жүргізу мен берілген қосалқы жеке құрамды басқару бойынша ептіліктерін арттырды, олардың жұмысын ұйымдастыру, атысты басқару бойынша тәжірибе ала алды.

Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров оқу-жаттығуға жоғары бағасын беріп, 61993 әскери бөлімінің командирі, подполковник Бегімбет Тәжібаевтың жеке құрамды жан-жақты дайындағаны үшін үлгі етті.

1