Аймақтар • 06 Ақпан, 2020

Жұмыссыздық мәселесі Бейнеу ауданында да бар

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмыссыздық мәселесі Бейнеу ауданында да өзекті. Ауданда 4 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп, ұйым тарапынан ұсынылған 421 жұмысқа 175 адам орналасуға мүмкіндік алған. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыссыздық мәселесі Бейнеу ауданында да бар

Жұмыспен қамту ұйымдары арқылы 1196 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, 105 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Жастар практикасына 357 жас маман уақытша жұмысқа қабылданып, оның 55-і тұрақты жұмысқа орналасты. 791 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Сонымен қатар «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында құны – 184,5 млн теңге болатын 5 көшенің авто жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан, 19,8 млрд теңге болатын «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» автомобиль жолының 80 км асфальт төселді.

Есепті баяндамадан кейін облыс әкімі халық тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, аудан әкіміне бірқатар тапсырма берді. Олар халық тұтынатын тауар бағасын бір қалыпты ұстау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру барысын халыққа түсіндіру, жедел-жәрдем көлігін көбейту, ауылішілік жолдарды жөндеу және тағы басқа.

Ең бастысы, аудандағы орта және бизнесті дамыту керектігін тапсырды. Барлық тұрғындардың ұсыныстары қабылданып, мәселені шешу жолдары қаралатынын жеткізді.