Қазақстан • 06 Ақпан, 2020

Қазақстанның батысында жауынгерлік атыс жүргізіліп жатыр

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу жаттығуы полигондарында жауынгерлік даярлық қарқынды түрде жүріп жатыр. Бөлімшенің бөлім, экипаж және есеп үйлесімділігі процессі аяқталғаннан кейін, бекітілген штаттық қару-жарақтан жауынгерлік оқ ату тәжірибесіне кірісті. Бұл туралы «батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның батысында жауынгерлік атыс жүргізіліп жатыр

Жауынгерлік атыс - тактикалық даярлықты оқытудың ең жоғарғы түрі, ол жауынгерлік үйлестірудің және бөлімшенің (кіші топтардың) атыс жаттығуының соңғы кезеңі болып табылады.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу жаттығуы полигондарында жауынгерлік даярлық қарқынды түрде жүріп жатыр. Бөлімшенің бөлім, экипаж және есеп үйлесімділігі процессі аяқталғаннан кейін, бекітілген штаттық қару-жарақтан жауынгерлік оқ ату тәжірибесіне кірісті. 

Артиллериялық және миноатқыштар есептобы атыс жаттығуы бойынша нормативтерді орындады. Ал, барлау бөлімшесі торуыл мен шолғындардағы іс-қимылды орындау тәсілдері, іздестіру және шабуылдау сияқты сұрақтарды пысықтады. Атыс жаттығуын орындау барысында кедергілерден өту және дербес шарттарды жаңартылған нормативтерге сәйкес орындауға баса назар аударылды. Мотоатқыштар бөлімшелері мен теңіз жаяу әскерлері бөлімшелері қорғаныс пен шабуылда бөлімшелердің жауынгерлік атыстарын, сондай-ақ ғимараттың шабуылын орындады. 

-Атуға даярлық кезінде жеке құрамының өзара іс – қимылының үйлесімділігіне, оқ-дәрілердің ең аз санымен мақсатқа қол жеткізілгеніне ерекше назар аударылды, деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы басқармасының артиллерия штабының бастығы подполковник Дархан Өткелбаев.

Жауынгерлік атыстарды өткізу үшін жердегі және әуе мақсаттары бойынша штаттағы және берілген бөлімшелердегі қарудың барлық түрлерінен атыс жүргізуді көздейтін жағдай жасалды. Оқ ату жеке қорғану құралдарында, жаяу әскердің жауынгерлік машиналарының жауынгерлері арқылы, жаяу әскердің жауынгерлік машинасына орнатылған пулеметтерден түнде түнгі көздеуді пайдалана отырып, жекелеген мақсаттар бойынша жүргізілуі мүмкін, сондай-ақ қол гранаталарын лақтыру көзделеді.

Сабақтардың тақырыбы мен уақытын рота командирлері жауынгерлік даярлық бағдарламасына сүйене отырып анықтады. Бұл ретте атыс жаттығуының 30% кемінде түнгі уақытта өткізілді.

Оқ атуды орындау барысында гаубикалық взвод командирі лейтенант Айбек Ғабиден және есептоп командирі аға сержант Біржан Ыбыраев үздік көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20