Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

Экологиялық сананы өзгертуге бағытталған

447 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әділбек Қозыбақов Нұр-Сұлтан шаһарында Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың төрағалығымен өткен республикалық бірінші эко-слетке қатысқаны туралы айтып берді. Оған еліміздің түпкір-түпкірінен келген қоғам белсенділері, волонтерлер, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйым өкілдері қатысқан болатын. Бұл туралы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Экологиялық сананы өзгертуге бағытталған

Айта кету керек, халықтың экологиялық санасын өзгертуде азаматтық бастамалар мен волонтерлердің рөлін арттыруға бағытталған.

Өз кезегінде басқарма басшысы Дүйсен Құсбеков аймақта табиғи ортаны жақсарту бағытында бірқатар оң өзгерістердің барын, сонымен бірге кемшіліктердің де жоқ еместігін тілге тиек етті. Атап айтқанда қатты-тұрмыстық қалдықтар, полиоондарды экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру, жануарлар әлемі және өсімдіктер дүниесін сақтау салалары. Сонымен бірге тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеру және волонтерлердің қоршаған ортаны қорғауға шараларына кеңінен тарту қажетті де айтылды.

Эко-амбассадор Әділбек Қозыбақов, өңірдегі бірлескен экологиялық жобалардың жүзеге асырылуына серпін беруге, экологиялық белсенді азаматтар, ғалымдар және үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдармен, әсіресе экология саласындағы бастамалар үнемі көңіл бөліп отыруға және экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған барлық шаралардың басы-қасында жүруге дайын екендігін жеткізді.

Дүйсен Құсбеков эко-амбассадор Әділбек Қозыбақовқа алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, қашанда қоян-қолтық жұмыс жасауға дайын екенін айтты.

Ә.Қозыбақов – табиғатқа жанашыр азамат және үкіметтік емес ұйымының өкілі ретінде өзінің экологиялық белсенділігін 2003 жылдан бері білдіріп жүр. Алғаш рет «Маңғыстау экологиялық бастамасы» қоғамдық бірлестігін басқарған болатын. 2004 және 2012 жылдар аралығында «Маңғыстау табиғаты» қоғамдық ұйымының төрағасы болды. 2012 мен 2016 жылдар аралығында «Қолдау-Экология» мамандандырылған орталығына жетекшілік етті. 2016 жылдан Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы Маңғыстау филиалының жетекшісі.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясы, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Қызылсай табиғи паркі» МКК, облыстық экология департаменті және Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы сияқты мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап келеді.