Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

Ауданда әлеуметтік қолдауға ие отбасылар жіті назарда

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарақия ауданында Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша 2019 жылы аз қамтылған 529 отбасыға  321,5 млн теңге төленді. Алдағы жылы 220 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға 100,3 млн теңге қаралды. Бұл туралы аталған ауданның әкімі Қ.Бековтың есебінде айтылды.

Ауданда әлеуметтік қолдауға ие отбасылар жіті назарда

Бүгінгі күні 174 отбасыдан өтініш қабылданып оның 151 отбасына 10,2 млн теңге төленді. Сонымен бірге атаулы әлеуметтік көмек алушылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілетін болады.

Сондай-ақ көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы алушылар саны 1260 адам. Оларға бір жылда 159 млн теңге қаражат жұмсалды.