Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

Құрық портының қауқары артып келеді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың екінші теңіз порты саналатын Құрықта барлығы – 1,3 млн тонна жүк тасымалданды. Автокөлікпен тасымалданған жүк көлемінің саны 234 мың тоннаны құраса, паромдық кешен арқылы 11 мыңға жуық жолаушы тасымалы ұйымдастырылды. Ал Болашақ станциясы арқылы барлығы 1,2 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімінің есебінде айтылды. 

Құрық портының қауқары артып келеді

Сондай-ақ аудан бойынша орталықтандырылған ауыз сумен қамту бүгінгі күні 95 % құрап отыр. Ал елді-мекендердің көшелерін жарықтандыруға 147 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Жұмыспен қамту мәселесі бойынша 2 662 жаңа жұмыс орындары құрылып, 2138 – тұрақты, 524 - уақытша жұмысқа орналасты. Бүгінгі күні 2135 жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілері арқылы төрт мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Бизнесті қолдаумен дамытудың бірыңғай бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерден 12 кәсіпкер 227,5 млн теңгеге несие алды. Нәтижесінде 15 жұмыс орны ашылды.

Қарақия ауданының биылғы жылғы жоспары – нық, мақсаты – айқын. Жұмыспен қамту, мал шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларында қордаланған мәселелер талқыланып, тұрғындар тарапынан түскен өтініштерді ескеруге уәде етті.

Қорытынды жиыннан соң, аудан әкімі тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға жауап беріп, өңір басшысы жиында көтерілген мәселелердің жүзеге асырылу барысын өзі қадағалайтынын жеткізді. Алда межелі жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жалғаса бермек.