Аймақтар • 08 Ақпан, 2020

Маңғыстауда су, жылу мен электр энергиясына тарифтер өзгеріссіз қалды

206 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында коммуналдық қызметтердегі тарифтердің өзгерісі талданған брифингте айтылды деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ҚКО баспасөз қызметі.

Маңғыстауда су, жылу мен электр энергиясына тарифтер өзгеріссіз қалды

БАҚ өкілдері шақырылған шараға ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облыстық департаменті, өңірлік Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғалары мен Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гусман қатысты.

Елімізде Мемлекет басшысының тариф құруда ашықтықты қамтамасыз етуге және табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне бағалар мен тарифтің көтерілуіне қарсы күресті күшейтуге бағытталған тапсырмаларын орындау жөніндегі Жол картасы құрылғаны мәлім.

- Бұл картада 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтерге тарифтердің өзгеруіне байланысты тұрғындар арасында түсініктемелік жұмыстар жүргізу» деп жазылған 30-шы тармағын орындау үшін брифинг форматында түсініктемелік жұмыстар жүргізу тапсырылған. Бүгінгі жиын осы тапсырманың негізінде ұйымдастырылып отыр, - деді ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Кенжеболат Көшекбаев.

Сонымен, бүгінгі таңда Маңғыстау облысында коммуналдық қызметтерге тарифтер бұрынғы қалпында қалды.

Есіңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында «AllianceEnergoSnab-Akтау» серіктестігінің өңірлік филиалынан Ақтау мен Мұнайлы аудандарында  электр энергиясының тарифін көтеру туралы өтініш түскен еді. Алайда, бүгінгі таңда тарифтер өзгерген жоқ.

- Электр энергиясымен қамтамасыз ету бағасының өсуіне негіздеме 613 мың 413 теңге мегаватт 30,4%, 799 мың 869 теңге мегаватт құрады. Дегенмен, бұл хабарламаны еліміздің Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне ұсынуға негіз болды, - дейді Маңғыстау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров.

Электрмен жабдықтау қызметіне кәсіпорынның жобалық бағасына жеке-дара тоқталып өтсек: Ақтау қаласы үшін орташа тариф - бір кВт/сағ үшін 18,71 теңге (ҚҚС-сыз); соның ішінде тұрғын үйлердегі тұтынушылары үшін токтың бір кВт/сағ 16,75 теңге (ҚҚС-сыз) құрап отыр.

Ал Мұнайлы ауданына келсек, тұрғын үй тұтынушылары үшін энергия бір кВт/сағ 15,15 теңге (ҚҚС-сыз), бюджеттік ұйымдарға бір кВт/сағ 28,79 теңге (ҚҚС-сыз), бюджеттік мекемелерге 28,79 теңгеден (ҚҚС-сыз) беріледі.

Осы ретте айта кету керек, былтыр желтоқсанда реттелетін жылу және сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер «Маек-Қазатомөнеркәсіп» серіктестігі және «Өзен Жылу» мекемесі үшін бекітілді.

Мәселен, «Маэк-Қазатомөнеркәсіп» серіктестігі жалпы үйді есепке алу аспаптарын орнатудың техникалық мүмкіндігі жоқ жерде, апаттық жағдайдағы казармаларда тұратын және тұратын тұтынушылар үшін жылудың орташа тарифін 2392,37 тонна/гкал бекітті.

Осыған сәйкес заңды клиенттер үшін орташа тариф 4192,8, бюджеттік ұйымдар үшін 4349,82 болып көрсетілді.

Ал ішер сумен жабдықтау бойынша орташа тариф 257,72 теңге/м3 құрап отыр. Оның ішінде тұрғындар үшін 199,88 теңге/м3, заңды тұтынушылар үшін 306,5 теңге/м3, бюджеттік ұйымдар үшін 311,62 теңге/м3.

Өнеркәсіптік сумен жабдықтаудағы орташа тариф 118,98теңге/м деп белгіленген. Тұрғындар үшін 93,66 теңге/м3, заңды тұтынушылар үшін 151,09 теңге/м3, бюджеттік ұйымдар үшін 153,71 теңге/м3 құрайды.

Ыстық сумен жабдықтауда орташа тариф 196,52 теңге/м3. Тұрғындар үшін 180,14 теңге/м3, заңды тұтынушылар үшін 238,25 теңге/м3, бюджеттік ұйымдар үшін 243,6 теңге/м3 деп көрсетілді.

«Өзен жылу» мекемесінің тарифтерне келсек: жылу энергиясын өндіру және беру туралы орташа тариф 2639,77. Соның ішінде тұрғындарға 2529,85, бюджеттік ұйымдарға 2766,71, тағы басқалары үшін 2666.02 деп бекітілген.

 

 

Маңғыстау облысы

                          

 

 

Соңғы жаңалықтар