Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Өткен жылы қылмыстық істердің саны артқан

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев есепті мерзімде қаралған қылмыстық істердің статистикасы туралы баяндап, өңірде өңірде зорлау (2019-13, 2018-5), ұрлық  (2019-174, 2018-130), алаяқтық (2019-105, 2018-90), қарақшылық (2019-34, 2018-28) бойынша қылмыстық істердің көбейгенін атап өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы қылмыстық істердің саны артқан

2019 жылдың 12 айында аудандық және оған теңестірілген соттарда 2 037 қылмыстық іс 2 307 тұлғаға қатысты аяқталған, 1 537 іске қатысты үкім шығарылып сотталған (2018 жылдың 12 айында – 1929 қылмыстық іс түсіп, 1874 қылмыстық іс 1921 адам бойынша аяқталған). Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 386 тұлға/163 іске көбейген.

18 тұлға бойынша ақтау үкімі шығарылған, (оның ішінде 14 тұлға жеке айыптау істері бойынша ақталған) (2018 жылдың 12 айында – 23 тұлға ақталса, оның ішінде 11 тұлға жеке айыптау істері бойынша ақталған).

Облыс соттарында медиаторлармен 261 (аяқталған істердің 12,8%) қылмыстық іс қаралып, сотталушылар жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған (2018ж. 12 айында –260 іс өндірістен қысқартылған, медиатормен 178 іс, 68,4%) яғни 83 іске көбейген.

Кеңес соңында сот төрағаларына нұсқаулықтар мен ескертулер беріліп, қатаң талаптар қойылды.