Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Түпқараған ауданында 805 адам үй кезегінде тұр

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түпқараған ауданы халқының саны жыл сайын артып келеді. Бұл туралы аудан әкімі Айбек Қосуақов өз есеп беру кездесуінде баяндады деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түпқараған ауданында 805 адам үй кезегінде тұр

32432 халқы бар ауданның биылғы көрсеткіші 9,7%-ға өскен. Аудан бюджетінің 4,5 % әлеуметтік салаға, 37% білім беруге, 2% мәдениет пен спортты көтеруге, 25% инфрақұрылымды дамыту мен коммуналдық қызмет саласына жұмсалды. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 56,7 млрд теңгені құрады.

-Түпқараған ауданы облыстағы мұнай өндірісінің 23,2 пайызын ұстап отыр. Өткен жылы 4,1 млн тонна шикі мұнай өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерінің қалған түрлері тас өндіру, ток пен су шығару, өнім өңдеу аудан экономикасының дамуына аса бір үлкен үлес қосып тұрған жоқ. Бұл көңіл аударарлық жағдай. Келешекте өнеркәсіп өнімдерін өндірушілермен жеке кездесіп, мәселені оңғарту жолын қарайтын боламыз, - деді Айбек Қосуақов.

Елді-мекендерде жеке тұрғын үйлер құрылысы өрістеп келеді. Атап айтсақ Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарында құрылыс жұмыстарының көлемі 16,8 млрд теңгені құрап, 147%-ға орындалған.

Сонымен қатар қазіргі уақытта аудан бойынша үй кезегінде 805 адам тұр. Азаматтардың баспанаға сұранысын қанағаттандыру үшін 2019 жылы Форт-Шевченко қаласынан 48 пәтерлік 1 тұрғын үй, 16 пәтерлік 1 тұрғын үй және 8 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылыстары басталған. Биылғы жылы пайдалануға берілмек.