Аудандық дәрежедегі 298,6 шақырым автокөлік жолын күтіп ұстау жұмысына «Абат» мекемесімен 2017 жылғы жасақталған келісім-шарттың мерзімі аяқталуына байланысты, алдын ала сатып алу жоспарымен аудандық дәрежедегі автокөлік жолын күтіп ұстау жұмысына сатып алу жарияланып тұр.
Шетпе-Ұштаған автокөлік жолын орташа жөндеу, жұмысына 2018 жылға - 390,361 млн теңге қаралып, 30 шақырым автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Маңғыстау облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жалпы ұзындығы 29,5 шақырым «Жыңғылды-Шайыр-Шерқала мекені» автокөлік жолын қайта құрылымдау жұмысы жүргізілуде